Shanger.kz
Қоғам,  Өмір

«Halyk Орманы»: орманды қалпына келтіруде күш біріктіру

Shanger.kz

«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

Орманды қалпына келтіру - жалғыз адамның қолынан келмейтін міндет. Ол үшін қаржы мен миллиондаған көшет қана емес, орманшылардың еңбегі, заманауи технологиялар, мемлекеттің қолдауы, бизнестің қатысуы және ортақ іске өз күш-жігерін жұмсауға дайын адамдар қажет. Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры бастамашы болған «Halyk Орманы» жобасы дәл осы идея төңірегінде дамып келеді. Ауқымды орманды қалпына келтіру бағдарламасы ретінде басталған жоба біртіндеп қоғам қайраткерлері мен түрлі қайырымдылық ұйымдарының өкілдері бас қосатын алаңға айналуда. Әрқайсысының тәжірибесі әртүрлі болғанымен, оларды Қазақстанның табиғи мұрасын қалпына келтіруге деген ортақ ұмтылыс біріктіреді.

«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

Бұл жұмыс Абай облысы үшін ерекше маңызды. Өйткені әр жылдары болған орман өрттері өңірдегі бірегей таспалы қарағайлы ормандардың орасан зор аумағын жойды. 2023 жылғы өрт кезінде жалын 63 мың гектардан астам жерді, яғни шамамен 630 шаршы шақырым аумақты шарпыды. Бұл көлемі жағынан тұтас Алматы қаласымен салыстыруға болатын аумақ. Елестетіп көріңізші, Алматының түгелге жуығын өрт шарпығандай. «Семей орманы» дәл осындай ауқымдағы апатты бастан өткерді.

Өртенген алқаптарда қайтадан қарағайлы орман пайда болуы үшін бір рет ағаш отырғызу науқанын өткізу жеткіліксіз. Миллиондаған сау өскін өсіріп, оларды сумен қамтамасыз ету, топырақты дайындау, көшеттерді отырғызу және одан кейін жас ағаштарға жылдар бойы күтім жасау қажет.

«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

«Семей орманына» ұйымдастырылған баспасөз туры барысында қатысушылар осы жұмыстың ішкі үдерісімен танысты. Біреулер үшін бұл сапар жобаның нәтижелерін кәсіби тұрғыдан бағалау мүмкіндігі болса, енді біреулер орманшылардың еңбегімен алғаш рет танысты. Ал кейбір қатысушылардың қайырымдылық туралы және елдегі экологиялық мәселелерді шешуде жеке бастамалардың қандай рөл атқара алатыны жөніндегі түсінігі мүлде өзгерді.

Анықтама үшін: «Halyk Орманы» жобасын Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп жүзеге асырып келеді. 2025 жылы тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, орман алқаптарын қалпына келтіруге бағытталған ауқымды бағдарламаның негізін қалады.
«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

Бағдарлама бес жылға есептелген және 9 миллион ағаш өскіні мен көшетін отырғызуды көздейді. Қор тарапынан жобаны қаржыландыру көлемі 1 миллиард теңгеден асады. Жұмыс Қазақстанның үш табиғи аумағын қамтиды: Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты, Алматыдағы Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Астананың жасыл белдеуі.

Бір реттік ағаш отырғызу акцияларынан айырмашылығы, бұл жоба орманды қалпына келтіруге кешенді түрде қарауды көздейді. Қаражат тек ағаш отырғызуға ғана емес, орман питомниктерін жаңғыртуға, суару жүйелерін қайта құруға, жабдықтар сатып алуға, өскін өсірудің жаңа технологияларын енгізуге және алдағы уақытта ағаш отырғызу көлемін ұлғайтуға қажетті жағдай жасауға бағытталады.

«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

Редакцияға ұсынылған мәліметтерге сәйкес, 2025 жылдың көктемінде, сондай-ақ 2026 жылдың көктемі мен күзінде өткен ағаш отырғызу науқандарының қорытындысы бойынша «Halyk Орманы» жобасы аясында «Семей орманы» резерватының аумағына 3 миллион қарағай өскіні отырғызылған. Орман питомниктерін қолдау жұмыстың жеке бағытына айналды. Морозов және Букебаев питомниктерін, сондай-ақ Канонер филиалының жылыжай кешенін жаңғыртуға ғана 270 миллион теңгеге жуық қаражат қарастырылған.

«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

Баспасөз турына қайырымдылық қорларының өкілдері, кәсіпкерлер, көгалдандыру саласының сарапшылары, журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Олар Семей қаласы мен «Семей орманы» резерватының нысандарын аралап, қарағай бүрлерін жинау мен өскін өсіруден бастап, оларды арнайы дайындалған жерлерге отырғызуға дейінгі орманды қалпына келтірудің толық кезеңімен танысты.

Бүгінде резерват қызметкерлерінің алдында жойылған орман алқаптарын қалпына келтірумен қатар, жаңа ормандардың өсіп-жетілуіне қажетті жағдай жасау міндеті тұр.

«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

- Біз қазір тұрған жерде тамыр жүйесі ашық өскіндерді өсірудің дәстүрлі әдісі қолданылады, - дейді «Семей орманы» резерватының бөлім басшысы Замира Ғалиева. - Резерваттың жеті филиалында қарағай бүрлерін кептіретін арнайы қондырғылар бар. Жыл сайын қазанның екінші жартысынан наурызға дейін шамамен 120 мың келі қарағай бүрін жинаймыз. Оларды өңдеп, орман ағаштарының себуге дайын тұқымын аламыз. Көктемде, мамыр айында тұқымдарды питомниктерге себеміз. Одан кейін өскіндерге ұзақ уақыт күтім жасалады: суарамыз, топырағын қопсытамыз, арамшөптерін жұламыз, тыңайтқыштар енгізіп, өсімдіктерді қорғау құралдарымен өңдейміз. Отырғызылатын материал дайын болған кезде оны орманды қалпына келтіруге арналған учаскелерге отырғызамыз.

Ағаш отырғызылғаннан кейін де жұмыс аяқталмайды. Үш жыл бойы жас қарағайларға күтім жасауды жалғастырамыз. Топырақты техникамен қопсытып, ағаштардың өсуіне кедергі келтіретін шөптесін өсімдіктерді алып тастаймыз. Содан кейін орман екпелеріне түгендеу жүргізіп, қанша өскіннің жерсінгенін, қаншасының қурап қалғанын есептейміз. Біздің өңірдің климаттық жағдайы өте қатал, сондықтан өскіндердің жерсіну көрсеткіші 40 пайызға дейін ғана жетуі мүмкін. Сол себепті орманды қалпына келтіру үшін резерватты жыл сайын сапалы отырғызу материалымен қамтамасыз ете алатын жеке өндірістік базаның болуы аса маңызды.

«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

Баспасөз турына қатысушыларға Halyk қоры жұмысының нәтижелері көрсетілген нысандардың бірі - Морозов орман питомнигі. Мұнда құны 146 459 675 теңге болатын суару жүйесін қайта құру жұмыстары аяқталған. Жоба аясында әрқайсысының тереңдігі 40 метр болатын екі ұңғыма қазылып, көлемі 50 текше метрлік алты су резервуары орнатылған. Ұзындығы шамамен бір шақырым болатын магистральдық құбыр тартылып, бес жаңбырлатып суару қондырғысы орнатылған.

«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

- Өткен жазда Halyk қорының өкілдері келіп, питомникті дамытуға қаржы бөлуді ұсынғанда, бастапқыда біз бұған сенімсіздікпен қарадық, - дейді «Семей орманы» резерватының қызметкері Татьяна Сетина. - Ол кезде питомнигіміздің жағдайы өте нашар еді. Бірақ жарты жылдың ішінде бәрі өзгерді. Қордың қолдауының арқасында суару желісі ауыстырылып, барабанды жаңбырлатып суару қондырғылары сатып алынды, қосымша су сыйымдылықтары орнатылды. Жаңа суару желісі тартылғаннан кейін питомниктің аумағын бес гектарға кеңейте алдық. Алдағы уақытта суаруға арналған қосымша бүйірлік құбырлар тарту жоспарланып отыр. Бұл тұқым себілетін алқаптарды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жұмыс жағдайымыз айтарлықтай жақсарды. Бұрын ескі суару желісімен үнемі қиындық туындайтын. Мысалы, таңертең дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп, ақауларды жөндейтінбіз, содан кейін жүйені қайтадан сумен толтыратынбыз. Ал кешке жөндеуді жалғастыру үшін суды қайта ағызуға тура келетін. Қазір жаңа жабдықтың арқасында мұндай қиындықтар дерлік жоқ, су шығыны да азайды. Әрине, бұл өзгерістерге өте қуаныштымыз.

Анықтама үшін: осындай жұмыстар Букебаев питомнигінде де жүргізіліп жатыр. Суару желісін жөндеу және ауыстыруға Halyk қоры 97,5 миллион теңге бағыттайды. Жоба аясында тереңдігі 40 метрлік екі ұңғыма салу, әрқайсысы 50 текше метрлік төрт резервуар орнату, ұзындығы шамамен бір шақырым болатын магистральдық құбыр тарту және бес жаңбырлатып суару қондырғысын монтаждау көзделген.
«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

Жобаның тағы бір бағыты - «Семей орманы» резерваты Канонер филиалының жылыжай кешенін жаңғырту. Мұнда екі жылыжай қайта жаңғыртылып жатыр: біреуі Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қорының, екіншісі Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қорының қолдауымен жөнделуде. Жаңғырту жұмыстары тамыр жүйесі жабық өскіндерді анағұрлым қарқынды өсіруге көшуге мүмкіндік береді. Қажетті температуралық режимді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Анықтама үшін: Halyk қорының қолдауымен жаңғыртылып жатқан жылыжайға жұмсалатын қаражат 26 миллион теңгені құрайды. Мердігер ұйым жылыжайды жылылау, еденнен жылыту жүйесін, тарату коллекторлары мен жылу құбырларын монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар бетон негізін дайындау және құю, желдету жабдықтарын, қосымша жарықтандыру құралдары мен фитошамдарды орнату қарастырылған.
«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

- Біз өскін өсіру технологияларымен үнемі тәжірибе жүргіземіз. Климаттың өзгеруін, жауын-шашын мөлшерін және өсімдіктердің даму ерекшеліктерін ескереміз, - дейді резерват кешенінің басшысы Руслан Нәдірбеков. - Мысалы, 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін тыңайтқыш беруді біртіндеп азайтамыз. Ал 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін өскіндерді тек сумен суарамыз. Осылайша оларды табиғи жағдайларға бейімдейміз. Бұл көшеттердің отырғызылғаннан кейін жақсы жерсінуіне көмектеседі.

Бірнеше жыл бұрын бізге Барнаулдан әріптестер келген еді. Тәжірибе ретінде олар біздің мың өскінімізді алып, өздерінің мың өскінімен бірге отырғызды. Нәтижесінде біздің өскіндердің жерсіну көрсеткіші 98 пайыз, ал Барнаулдан әкелінген өскіндердікі шамамен 20 пайыз болды. Осыдан кейін әріптестеріміз өскін өсіру технологиямызға қызығушылық танытты. Мұнда кешенді тәсіл маңызды: климаттық жағдайларды, жауын-шашын мөлшерін ескеру, тыңайтқыштар мен олардың мөлшерін дұрыс таңдау қажет. Мысалы, былтыр фин тыңайтқыштарымен тәжірибе жүргіздім, ал биыл оларды екінші ротацияда қолдандым. Нәтижесі жақсы. Сондықтан тәжірибе жасаудан қорықпау керек деп есептеймін.

«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

- Біздің кешен жыл сайын тамыр жүйесі жабық үш миллионға жуық және тамыр жүйесі ашық алты миллионнан астам өскін өсіреді. Жалпы саны тоғыз миллионнан астам өскінге жетеді. Бірақ қалпына келтіруді қажет ететін аумақтардың ауқымы соншалық, бұл жұмысты әлі талай онжылдық бойы жалғастыруға тура келеді. Сондықтан біз үшін өсіру технологияларын жетілдіріп, кешеннің өндірістік мүмкіндіктерін кеңейту аса маңызды.

«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

- Бұрын тұқымды ерте сепкен кезде бетон негізі суық болып, ол жылынғанша тұқымдар көктемейтін, - деп жалғастырады Руслан Нәдірбеков. - Енді жылы еденнің арқасында тұқымның өнуіне қажетті температураны қамтамасыз ете аламыз. Біздің міндетіміз - өсу үдерісін жылдамдату ғана емес, жыл ішіндегі ротациялар санын, яғни отырғызу материалын өсіру циклдерін көбейту. Желтоқсан айында алғаш рет тәжірибелік себу жұмысын, яғни нөлдік ротацияны өткізуді жоспарлап отырмыз. Әдетте бұл уақытта тұқым себілмейді. Ал біз жаңғыртылған жылыжайлардың арқасында өскіндерді қыста өсіріп көруге ниеттіміз. Егер бәрі ойдағыдай болса, отырғызу материалын жыл бойы өндіруге жақындаймыз. Әзірге нақты сандарды атағым келмейді, өйткені алдымен технологияны іс жүзінде сынақтан өткізу керек. Бірақ жаңашылдықты байқап көруге дайынбыз.

Анықтама үшін: жобалық есептеулерге сәйкес, жаңғырту жұмыстары жылына ротациялар санын екіден үшке дейін арттырып, қосымша 536 мыңға дейін өскін алуға мүмкіндік беруі тиіс. Бұл көлем жыл сайын қосымша 156 гектарға дейінгі аумақта орманды қалпына келтіру үшін ағаш отырғызуға жеткілікті.
«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

Баспасөз турына өсімдік өсіру және көгалдандыру ісімен кәсіби түрде айналысатын кәсіпкерлер де қатысты. Роман Шнайдерман - ландшафт сәулетшісі, сәндік өсімдіктер питомнигінің иесі. Ол 2004 жылдан бері Қазақстанда саябақтарды жобалау және көгалдандыру ісімен айналысады.

- Мен үшін бұл - ерекше миссия, - дейді Роман. - Біз бәріміз табиғаттың бір бөлшегіміз және оны сақтауға қамқорлық жасауымыз керек. Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында, бірақ елімізде орман өте аз. Сондықтан орман алқаптарын қалпына келтіру аса маңызды міндеттердің біріне айналуы тиіс деп есептеймін. Ал үлкен мақсаттар ағаш отырғызу сияқты нақты істерден басталады.

Мұнда біз Halyk қоры жұмысының нақты нәтижелерін көрдік: ағаш отырғызылған орман алқаптарын, жас қарағайларды, жұмыс істеп тұрған питомниктерді араладық. Ең маңыздысы - ағаш отырғызумен ғана шектелмей, питомниктерді де жаңғырту. Питомник шаруашылығының маманы ретінде мұнда қылқанжапырақты өсімдіктерді өсіру мен отырғызуға дұрыс тәсіл қолданылып жатқанын айта аламын. Әртүрлі ағаш түрлері әртүрлі жағдайды қажет етеді, сондықтан әр кезеңде технологияны сақтау маңызды. Мен үшін «Halyk Орманы» жобасының ұзақ мерзімді жұмысты көздейтіні ерекше құнды.

«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

Баспасөз турынан алған әсерімен Ақмола облысының Ақкөл ауданында ауыл шаруашылығымен айналысатын, «Агрочика» блогын жүргізетін агрофермер Жұлдыз Ғафарова да бөлісті.

- Бұрын мен қайырымдылық қорларына сенбейтінмін. Өйткені олардың жұмысымен ешқашан жақын таныспағандықтан, нақты қандай істер атқаратынын түсінбейтінмін, - дейді Жұлдыз. - Мен өмірде бәріне өз күшіммен, таныс-тамырсыз, ешкімнің көмегінсіз жеткен адаммын. Бүгін өмірімде алғаш рет қайырымдылық қорының жұмысымен осыншалықты жақын таныстым. Мұндай жобалардың артында қаншама адам, еңбек пен ресурс тұрғанын білу мен үшін нағыз жаңалық болды.

Мені бәрінен бұрын Halyk қорының өскіндерді сатып алып, отырғызумен ғана шектелмегені таңғалдырды. Өйткені көшеттерді сатып алып, отырғызып, есеп беріп, содан кейін ұмытып кетуге де болар еді. Бірақ мұнда мүлде басқа көзқарас қалыптасқан. Қор орман питомниктерінің өзін жаңғыртуға қаражат жұмсап жатыр. Бір метр құбырдың, суару жабдықтарының, жаңбырлатып суару қондырғыларының қанша тұратынын білемін. Сондықтан мұндай жаңғыртудың нақты құнын жақсы түсінемін. Бұл жерде өте қомақты инвестициялар туралы сөз болып отыр.

Осы сапардан кейін қайырымдылық қорларының қызметіне мүлде басқаша қарай бастадым. Енді «Halyk Орманы» жобасының артында жай ғана әдемі сөздер емес, нақты істер, қомақты инвестициялар және ормандарымыздың болашағы үшін еңбек етіп жүрген адамдар тұрғанын көріп отырмын.

«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

Баспасөз турының ерекшеліктерінің бірі - оған түрлі қайырымдылық ұйымдарының өкілдерінің қатысуы. Іс-шараға Halyk қорымен бірге Samruk-Kazyna Trust және Нұрлан Қаппаров қорының өкілдері де келді.

«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

Атап айтқанда, Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қоры Абай және Павлодар облыстарында орманды қалпына келтіру жөніндегі өз бағдарламаларын жүзеге асырып келеді. Осылайша қайырымдылық ұйымдарының күш-жігері ортақ экологиялық міндетті шешуде бірін-бірі толықтырады.

- Біз ағаш отырғызу жұмыстарының қалай жүргізілетінін өз көзімізбен көрдік, жылыжайларды аралап, өскін өсіруге қолданылатын жабдықтармен таныстық, - дейді Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қорының жоба менеджері Салтанат Мақсатова. - Атқарылған жұмыстың ауқымы бізді шынымен таңғалдырды. Біздің қор да осындай бастамалармен айналысады, сондықтан «Halyk Орманы» жобасының мақсаттары мен жұмыс тәсілдері бізге жақын.

«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

Журналист әрі тележүргізуші Айгүл Мүкей үшін Семейге сапар жергілікті ормандармен алғашқы таныстық болды. Бұған дейін ол Астананың жасыл белдеуінде ағаш отырғызу шарасына қатысқан еді.

- Мен «Семей орманы» туралы көп естідім. Бұл Қазақстандағы ең ірі әрі ұзыннан созылып жатқан орман алқаптарының бірі екенін, Ресей шекарасына дейін жетіп, одан әрі жалғасатынын білетінмін, - дейді Айгүл Мүкей. - Бүгін ойыма мынадай нәрсе келді: бәлкім, 50 жылдан кейін ұрпақтарымыздың ешқайсысы бұл ағаштарды нақты кім отырғызғанын есіне де алмас. Ағаштар жай ғана өсіп, бос жатқан жерлерде қайтадан орман пайда болады. Меніңше, қордың ізгі миссиясы да осында - нәтижесі ондаған жылдардан кейін ғана көрінетін осындай маңызды істерді атқару және сол үшін дәл қазір атақ-даңққа ұмтылмау.

Мені таңғалдырған тағы бір жайт - мұнда Тимур Құлыбаевтың Halyk қорымен бірге басқа да қайырымдылық қорларының, соның ішінде Samruk-Kazyna Trust пен Нұрлан Қаппаров қорының өкілдерінің жиналуы. Қорлардың осыншалықты тығыз ынтымақтасып, бір-біріне көмектесіп, ортақ жобаларда күш біріктіре алатынын алғаш рет білдім. Демек, әрқайсысы ортақ іске өз үлесін қосып жатыр. Маған түрлі ұйымдардың жеке-жеке әрекет етпей, ормандарымызды қалпына келтіру және сақтау үшін бірлесіп жұмыс істейтіні өте ұнайды.

«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

Экоактивист Евгений Мұхамеджанов үшін биоалуантүрлілікті сақтау ерекше маңызды. Оның пікірінше, орман алқаптарын қалпына келтіру кезінде отырғызылған ағаштардың санын ғана емес, бүкіл табиғи экожүйенің жағдайын ескеру қажет.

- Мен жасыл желек пен орман қорын қорғау керектігін үнемі айтып келемін, - дейді Евгений. - Мәселе ағаштардың оттегі бөлуінде ғана емес. Мен үшін ең маңыздысы - биоалуантүрлілікті сақтау. Ормандар жануарлардың табиғи тіршілік ортасын қалыптастырады. Индустрияландыру, қалалар салу және жер аумақтарын игеру барысында адам жабайы жануарлардың тіршілік ететін кеңістігі мен қоректенетін жерлерін біртіндеп тартып алып жатыр. Соның салдарынан жабайы жануарлар елді мекендерге жиі жақындай бастады. Табиғатқа неғұрлым көп аумақты қайтарып, ормандарды қалпына келтірсек, бүкіл экожүйе үшін соғұрлым пайдалы болады. Жер шарымыз өте үлкен болып көрінеді, бірақ шын мәнінде жабайы табиғатқа арналған кеңістік үнемі тарылып келеді.

Қазір жаңа ағаш отырғызу кезінде осындай қайғылы оқиғалардың қайталану қаупін азайту үшін бөлгіш жолақтар қарастырылып жатыр. Менің ойымша, ең маңыздысы - орманды қалпына келтіруге ғылыми негізде әрі өте сақтықпен қарау. Кейде жағдайды жақсартамыз деп табиғи тепе-теңдікті бұзып алуымыз мүмкін. Мысалы, басқа өңірлерден ағаштарды жаппай әкелгенде, отырғызылатын материал тиісті тексеруден өтпесе, аурулар мен зиянкестердің таралу қаупі бар.

«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

Орманды қалпына келтіруге ірі бизнестің қатысуының маңызын кәсіпкер әрі қоғам қайраткері Ерлан Стамбеков те атап өтті. Ол көп жылдан бері «АлмаҚала» қоғамдық бастамасы аясында Алматыны көгалдандырумен айналысады және ағаш отырғызудың қаншалықты еңбек талап ететінін жақсы біледі.

- «Halyk Орманы» жобасының ауқымын көргенде шынымен таңғалдым, - дейді Ерлан Стамбеков. - Меніңше, бұл - ірі бизнес өкілдері үшін үлкен үлгі. Мұндай қызмет кәдімгі әлеуметтік жауапкершіліктің шеңберінен әлдеқайда асып түседі. Осы мүмкіндікті пайдаланып, баршаңызды ағаш отырғызуға шақырғым келеді! Артымызда шынымен құнды нәрсе қалдыруымыз керек. Өйткені бізден кейін балаларымыз бен өзіміз отырғызған ағаштар қалады.

«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

- Мен үшін бүкіл үдерісті өз көзіммен көру, өрттен зардап шеккен аумақтарды аралау, ағаш отырғызуға қатысу және өскіндердің қалай өсірілетінін бақылау ерекше қызықты болды, - дейді қоғам қайраткері Айтуар Қошмамбетов. - Бұрын ағаш өздігінен өсе береді деп ойлайтынбыз. Ал мұнда кішкентай тұқымнан қарағай өсіп шығуы үшін қаншама еңбек, назар мен күтім қажет екенін түсінесің. Әр ағаштың артында жас екпелерге жылдар бойы күтім жасап, олардың жағдайы мен жерсінуін күн сайын қадағалайтын орманшылардың еңбегі тұр. «Halyk Орманы» жобасы табиғатты қалпына келтіру үшін ғана емес, қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін де маңызды. Осы сапардан кейін біз де үлкен бастаманың бір бөлігіне айналдық. Енді өз көзімізбен көргенімізді басқа адамдарға айтып бере аламыз. Алдағы 10–20 жылда Қазақстан тек даласымен, тауларымен және шатқалдарымен ғана емес, үлкен жасыл ормандарымен де танылатынына сенгім келеді.

«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

- Бес жылда тоғыз миллион ағаш отырғызу жоспары туралы алғаш естігенде, бұл мүмкін емес сияқты көрінеді, - дейді журналист Руслан Өтепбай. - Бірақ біз осында келіп, қаншалықты ауқымды жұмыс атқарылғанын өз көзімізбен көрдік. «Көз қорқақ, қол батыр» деген жақсы мақал бар. Меніңше, ол осы жобаның мәнін өте дәл сипаттайды. Halyk қоры «Семей орманын» қайта жаңғыртуға орасан зор үлес қосып жатыр. Сол үшін үлкен алғыс айтқым келеді.

«Halyk Орманы» жобасы аясында Семей орманын қалпына келтіру жұмыстары, қарағай көшеттерін өсіру және баспасөз турына қатысушылар. Halyk Орманы, Halyk қоры, Семей орманы, Абай облысы, орманды қалпына келтіру, қарағай отырғызу, орман питомниктері, Тимур Құлыбаев, қайырымдылық, экология, Samruk-Kazyna Trust, еріктілер

- Бүгін біз Абай жерінде, Семей қаласында тұрмыз, - дейді «Алға, Қазақстан» бағдарламасының жүргізушісі Иван Червинский. - Ұлы ақын халқына аса бай рухани мұра қалдырды. Оның шығармалары, «Қара сөздері», ойлары мен өсиеттері - соның айғағы. Бүгінде оның туған жерінде болашақ ұрпаққа мұра болып қалатын тағы бір ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Біз өзімізден кейін келетін ұрпақ үшін негіз қалап жатырмыз. Бүгінгі жастар ержеткенде, оларға қалдырған мұрамыз үшін ұялмайтын болсақ екен деймін.

Бөлісу:

Comments

No comments yet. Be the first to comment!

Пікір қалдыру