Shanger.kz
Қоғам,  Өмір

«Halyk Орманы»: 2000 метр биіктікте шырша отырғызу

Shanger.kz

Алматыдағы Іле-Алатауы ұлттық паркінде 2000 метр биіктікте «Halyk Орманы» жобасы аясында Тянь-Шань шыршаларын отырғызу. Halyk Орманы, Halyk қоры, Алматы, Іле-Алатауы, Тянь-Шань шыршасы, ағаш отырғызу, орманды қалпына келтіру, экология, еріктілер, табиғатты қорғау

2026 жылғы 10 қазанда Іле-Алатауы ұлттық паркінде теңіз деңгейінен 2000 метрге жуық биіктікте «Halyk Орманы» экологиялық жобасы аясында Тянь-Шань шыршаларын отырғызу шарасы өтті. Shanger.kz тілшісі іс-шараға қатысып, тауда бір түп ағаш отырғызудың өзі неліктен үлкен күш-жігерді талап ететінін білді.

Алматыдағы Іле-Алатауы ұлттық паркінде 2000 метр биіктікте «Halyk Орманы» жобасы аясында Тянь-Шань шыршаларын отырғызу. Halyk Орманы, Halyk қоры, Алматы, Іле-Алатауы, Тянь-Шань шыршасы, ағаш отырғызу, орманды қалпына келтіру, экология, еріктілер, табиғатты қорғау

«Halyk Орманы» - 2025 жылы бастау алған ауқымды экологиялық бастама. Жобаны Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп жүзеге асырып келеді. 2025 жылдың қыркүйегінде тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қор бағдарламаны жүзеге асыруға бір миллиард теңге бөлді. Бастапқыда жоба аясында төрт миллионнан астам ағаш отырғызу көзделген болатын, алайда кейін оның ауқымы кеңейтілді.

Алматыдағы Іле-Алатауы ұлттық паркінде 2000 метр биіктікте «Halyk Орманы» жобасы аясында Тянь-Шань шыршаларын отырғызу. Halyk Орманы, Halyk қоры, Алматы, Іле-Алатауы, Тянь-Шань шыршасы, ағаш отырғызу, орманды қалпына келтіру, экология, еріктілер, табиғатты қорғау

Жаңартылған бес жылдық бағдарламаға сәйкес, екі мың гектардан астам аумаққа шамамен тоғыз миллион ағаш өскіні мен көшетін отырғызу жоспарланып отыр. Жұмыстар үш аумақта жүргізілуде: Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында, Іле-Алатауы ұлттық паркінде және Астананың жасыл белдеуінде. 2025 жылдың алғашқы күзгі маусымында-ақ шамамен 850 мың ағаш отырғызылды.

Алматыдағы Іле-Алатауы ұлттық паркінде 2000 метр биіктікте «Halyk Орманы» жобасы аясында Тянь-Шань шыршаларын отырғызу. Halyk Орманы, Halyk қоры, Алматы, Іле-Алатауы, Тянь-Шань шыршасы, ағаш отырғызу, орманды қалпына келтіру, экология, еріктілер, табиғатты қорғау

Сол маусымдағы іс-шараларға 1500-ге жуық адам қатысты. 2026 жылдың көктемінде жоба аясында отырғызылған өскіндер мен көшеттер саны бір миллионнан асты. Бағдарлама тек жаппай ағаш отырғызумен шектелмейді. Ол орман экожүйелерін қалпына келтіруді, отырғызылатын материалды дайындауды, көшетханаларды дамытуды және бизнесті ұзақ мерзімді экологиялық бастамаларға тартуды көздейді.

Алматыдағы Іле-Алатауы ұлттық паркінде 2000 метр биіктікте «Halyk Орманы» жобасы аясында Тянь-Шань шыршаларын отырғызу. Halyk Орманы, Halyk қоры, Алматы, Іле-Алатауы, Тянь-Шань шыршасы, ағаш отырғызу, орманды қалпына келтіру, экология, еріктілер, табиғатты қорғау

Іле-Алатауы ұлттық паркінде Тянь-Шань шыршасы деп те аталатын Шренк шыршасы отырғызылады. Бұл - Солтүстік Тянь-Шань тауларына тән қылқанжапырақты ағаш түрлерінің бірі. Шыршалы ормандар тау экожүйелерін сақтауда маңызды рөл атқарады. Олар топырақты эрозиядан қорғайды, су режимін реттеуге ықпал етеді және жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік етуіне қолайлы орта қалыптастырады. Ағаш отырғызылатын орындар кездейсоқ таңдалмайды. Жас шыршалардың өсуіне жердің биіктігі, ылғалдылығы, топырақтың жағдайы және басқа да табиғи факторлар әсер етеді.

Алматыдағы Іле-Алатауы ұлттық паркінде 2000 метр биіктікте «Halyk Орманы» жобасы аясында Тянь-Шань шыршаларын отырғызу. Halyk Орманы, Halyk қоры, Алматы, Іле-Алатауы, Тянь-Шань шыршасы, ағаш отырғызу, орманды қалпына келтіру, экология, еріктілер, табиғатты қорғау

- Өткен демалыс күндері де ағаш отырғыздық, бірақ ол жер сәл төменірек болатын, - дейді орманшы Шалқар Дәуренбаев. - Сол кезде 1850 шырша отырғыздық. Бүгін Halyk қорымен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз, еріктілер көп. Көшеттерді тұқымбақтан тамырына жабысқан топырағымен бірге әкеледі. Қазір ағаш отырғызуға қолайлы уақыт, сондықтан олардың жақсы жерсініп кететініне сенемін. Бүгін біз теңіз деңгейінен 1950 метр биіктіктегі орманның табиғи ашық алаңқайларына ағаш отырғызып жатырмыз. Мұндай жерлер орманда жер бедері мен күн сәулесінің түсу ерекшеліктеріне байланысты да пайда болады.

Алматыдағы Іле-Алатауы ұлттық паркінде 2000 метр биіктікте «Halyk Орманы» жобасы аясында Тянь-Шань шыршаларын отырғызу. Halyk Орманы, Halyk қоры, Алматы, Іле-Алатауы, Тянь-Шань шыршасы, ағаш отырғызу, орманды қалпына келтіру, экология, еріктілер, табиғатты қорғау

10 қазанда өткен ағаш отырғызу шарасына Halyk Bank өкілдері, «SOS Қазақстан балалар ауылдары» қорының өкілдері, МУИТ пен ҚБТУ студенттері, Аружан Саин жетекшілік ететін «Мейірімділік ерікті қоғамы» қоғамдық қорының «Аутизмді жеңеміз» жобасының қатысушылары, тауға тұрақты түрде көтерілетін қауымдастықтардың мүшелері, қоғам қайраткерлері, еріктілер, мектеп оқушылары және балаларымен бірге келген отбасылар қатысты. Әлеуметтік желілерден хабарландыруды көрген Алматы тұрғындары да акцияға қосылды.

Алматыдағы Іле-Алатауы ұлттық паркінде 2000 метр биіктікте «Halyk Орманы» жобасы аясында Тянь-Шань шыршаларын отырғызу. Halyk Орманы, Halyk қоры, Алматы, Іле-Алатауы, Тянь-Шань шыршасы, ағаш отырғызу, орманды қалпына келтіру, экология, еріктілер, табиғатты қорғау

- Ағаш отырғызу шарасына үшінші рет қатысып отырмын, - дейді мектеп оқушысы Анисия. - Алғаш рет Медеуде ағаш отырғыздық, кейін осы жерде, бірақ таудың жоғары жағындағы беткейде отырғызған едік. Бүгін тағы келдік. Маған мұндай шараларға қатысқан ұнайды.

Алматыдағы Іле-Алатауы ұлттық паркінде 2000 метр биіктікте «Halyk Орманы» жобасы аясында Тянь-Шань шыршаларын отырғызу. Halyk Орманы, Halyk қоры, Алматы, Іле-Алатауы, Тянь-Шань шыршасы, ағаш отырғызу, орманды қалпына келтіру, экология, еріктілер, табиғатты қорғау

- Мұнда бәрі жақсы ұйымдастырылған. Бізге тамақ береді, кофталар таратады. Оның үстіне пайдалы іс жасап жатқаныңды сезіну де қуантады.

Алматыдағы Іле-Алатауы ұлттық паркінде 2000 метр биіктікте «Halyk Орманы» жобасы аясында Тянь-Шань шыршаларын отырғызу. Halyk Орманы, Halyk қоры, Алматы, Іле-Алатауы, Тянь-Шань шыршасы, ағаш отырғызу, орманды қалпына келтіру, экология, еріктілер, табиғатты қорғау

- Мен бүгін алғаш рет ағаш отырғызамын, - дейді мектеп оқушысы Стелла. - Әкем және әпкеммен бірге келдім. Әкем Instagram-нан осы акция туралы ақпарат көріп, бәріміз қатысуды шештік. Шамамен үш шақырым жаяу жүрдік. Қиын болды. Менің ойымша, ағаш отырғызу керек, өйткені қазір қағаз өндіру үшін де көп ағаш кесіледі.

Алматыдағы Іле-Алатауы ұлттық паркінде 2000 метр биіктікте «Halyk Орманы» жобасы аясында Тянь-Шань шыршаларын отырғызу. Halyk Орманы, Halyk қоры, Алматы, Іле-Алатауы, Тянь-Шань шыршасы, ағаш отырғызу, орманды қалпына келтіру, экология, еріктілер, табиғатты қорғау

- Біз ұлым екеуміз ағаш отырғызу шарасына қатысу үшін Астанадан арнайы келдік, - дейді Ғани Аманбаев. - Мен үшін бұл - экологиялық бастаманы қолдап қана қоймай, жас ұрпаққа осындай игі істердің маңызын көрсетудің мүмкіндігі. Қазіргі таңда Алматы қаласы мен бүкіл Алматы агломерациясында ауа сапасына қатысты мәселелер бар. Неғұрлым көп ағаш отырғызсақ, сүйікті қаламыздың ауасы соғұрлым тазарып, көркейе түседі деп ойлаймын.

Алматыдағы Іле-Алатауы ұлттық паркінде 2000 метр биіктікте «Halyk Орманы» жобасы аясында Тянь-Шань шыршаларын отырғызу. Halyk Орманы, Halyk қоры, Алматы, Іле-Алатауы, Тянь-Шань шыршасы, ағаш отырғызу, орманды қалпына келтіру, экология, еріктілер, табиғатты қорғау

- Мен экологиялық шараларға өзім қатысуды маңызды санайтындықтан, ерікті ретінде келдім, - дейді Эльвира Шабакова. - Әр адамның қосқан шағын үлесінің өзі маңызды. Маған Тимур Құлыбаевтың Halyk қоры қолға алған бастама өте ұнайды. Осындай жобаларды қолдайтын кәсіпкерлер мен инвесторлардың көбейгенін қалаймын. Менің ойымша, мұндай шараларды шетелдік туристерді тарта отырып, халықаралық деңгейде де ұйымдастыруға болады. Мысалы, Алматыға марафондар мен басқа да спорттық жарыстарға қатысу үшін көптеген адамдар келеді. Неге оларға ағаш отырғызу акциясына да қатысуды ұсынбасқа? Біздің еліміздің табиғаты өте әдемі. Шетелдік қонақтар табиғатымызды тамашалап қана қоймай, Қазақстандағы экологиялық еріктілік қозғалысымен де танысар еді. Кейін өз елдеріне оралғанда осы тәжірибесімен бөлісер еді. Экологияны, туризмді, спорт пен еріктілікті біріктіру тамаша бастама болар еді деп ойлаймын.

Алматыдағы Іле-Алатауы ұлттық паркінде 2000 метр биіктікте «Halyk Орманы» жобасы аясында Тянь-Шань шыршаларын отырғызу. Halyk Орманы, Halyk қоры, Алматы, Іле-Алатауы, Тянь-Шань шыршасы, ағаш отырғызу, орманды қалпына келтіру, экология, еріктілер, табиғатты қорғау

- Биыл алғаш рет ағаш отырғызу акциясына қатысып, «Эмирмед» клиникасының атынан өз үлесімді қосуды шештім, - дейді дәрігер Жанна Шарбатова. - Бүгін шамам келгенше 15–20 көшет отырғызуды жоспарлап отырмын. Ал келесі жылы, бұйырса, бүкіл ұжымымызбен келеміз деп үміттенемін. Мен үшін бұл - пайдалы іс атқарып, өзгелерге үлгі болудың мүмкіндігі.

Алматыдағы Іле-Алатауы ұлттық паркінде 2000 метр биіктікте «Halyk Орманы» жобасы аясында Тянь-Шань шыршаларын отырғызу. Halyk Орманы, Halyk қоры, Алматы, Іле-Алатауы, Тянь-Шань шыршасы, ағаш отырғызу, орманды қалпына келтіру, экология, еріктілер, табиғатты қорғау

- Бүгін біз «Аутизмді жеңеміз» жобасының қатысушыларымен бірге Halyk қорындағы әріптестеріміз ұйымдастырған ағаш отырғызу акциясын қолдау үшін келдік, - дейді Аружан Саин. - Біздің балалар аналарымен бірге шараға қуана қатысты. Бүкіл командамызбен он шақты шырша отырғыздық. Олардың жерсініп, өсіп-жетілетініне сенемін.

Бұған дейін де балалармен бірге ағаш отырғызған жақсы тәжірибеміз болған. Бірнеше жыл бұрын Greenko компаниясы біздің орталыққа алма, шие, алхоры және шабдалы көшеттерін әкелді. Біз оларды балалармен бірге отырғыздық. Қазір сол ағаштар жеміс беріп жатыр! Бұл балалар үшін өте құнды тәжірибе. Олар өз қолдарымен отырғызған кішкентай көшеттің өсіп, жеміс бергенін көріп жүр.

Алматыдағы Іле-Алатауы ұлттық паркінде 2000 метр биіктікте «Halyk Орманы» жобасы аясында Тянь-Шань шыршаларын отырғызу. Halyk Орманы, Halyk қоры, Алматы, Іле-Алатауы, Тянь-Шань шыршасы, ағаш отырғызу, орманды қалпына келтіру, экология, еріктілер, табиғатты қорғау

- Мен бір түп ағаш отырғыздым. Маған балалар көмектесті, бәрі ойдағыдай болғанына өте қуаныштымын, - дейді «Аутизмді жеңеміз» жобасының қатысушысы Аружан. - Алдағы уақытта да осындай акцияларға қатысқым келеді, өйткені бұл экология мен ауаның тазалығы үшін маңызды. Оның үстіне бүгін менің туған күнім. Мен 21 жасқа толдым!

Алматыдағы Іле-Алатауы ұлттық паркінде 2000 метр биіктікте «Halyk Орманы» жобасы аясында Тянь-Шань шыршаларын отырғызу. Halyk Орманы, Halyk қоры, Алматы, Іле-Алатауы, Тянь-Шань шыршасы, ағаш отырғызу, орманды қалпына келтіру, экология, еріктілер, табиғатты қорғау

- Бүгін мен екі ағашты отырғызуға көмектестім, - дейді «Аутизмді жеңеміз» жобасының қатысушысы Рифат. - Маған ағаш отырғызған ұнайды, өйткені бұл пайдалы іс. Табиғатымыз да, ауамыз да таза болуы керек. Былтыр да үйде ағаш отырғызғанбыз. Үйімізде өсімдіктер бар. Мен өсімдіктер мен ағаштарды жақсы көремін.

Алматыдағы Іле-Алатауы ұлттық паркінде 2000 метр биіктікте «Halyk Орманы» жобасы аясында Тянь-Шань шыршаларын отырғызу. Halyk Орманы, Halyk қоры, Алматы, Іле-Алатауы, Тянь-Шань шыршасы, ағаш отырғызу, орманды қалпына келтіру, экология, еріктілер, табиғатты қорғау

Ағаш отырғызуға қатысқандардың арасында спортпен шұғылданып, тауға жиі шығатын адамдар да аз емес. Олар үшін екі мың метрге жуық биіктікке көтерілу аса қиын емес. Дегенмен мұндай тәжірибесі бар адамдардың өзі ағаш отырғызудың қосымша күш-жігерді талап ететінін айтады.

Алматыдағы Іле-Алатауы ұлттық паркінде 2000 метр биіктікте «Halyk Орманы» жобасы аясында Тянь-Шань шыршаларын отырғызу. Halyk Орманы, Halyk қоры, Алматы, Іле-Алатауы, Тянь-Шань шыршасы, ағаш отырғызу, орманды қалпына келтіру, экология, еріктілер, табиғатты қорғау

- Бұл акцияға алғаш рет қатысып отырмын, бірақ ол туралы былтыр да естіген едім, - дейді Құралай Садықханова. - Мен тауға жиі шығамын, осы уақытқа дейін жеті шыңды бағындырдым. Биіктігі 3000 метрден асатын шыңдарға, соның ішінде Букреев шыңына да көтерілгенмін. Сондықтан бұл жерге көтерілу мен үшін аса қиын болған жоқ. Алайда тауға алғаш рет шыққан адам үшін мұндағы жолдың өзі де, одан кейін ағаш отырғызу жұмысы да үлкен сынақ болуы мүмкін екенін түсінемін.

Алматыдағы Іле-Алатауы ұлттық паркінде 2000 метр биіктікте «Halyk Орманы» жобасы аясында Тянь-Шань шыршаларын отырғызу. Halyk Орманы, Halyk қоры, Алматы, Іле-Алатауы, Тянь-Шань шыршасы, ағаш отырғызу, орманды қалпына келтіру, экология, еріктілер, табиғатты қорғау

- Біздің клуб World Fresh Ideas деп аталады, - дейді Евгений Тименцев. - Біз күн сайын тауға шығып, салауатты өмір салтын ұстанамыз және қоршаған ортаны қорғауды қолдаймыз. Ағаш отырғызу акциясына екінші рет қатысып отырмын. Былтыр да осы жерге, Көкжайлауға келген едік. Шырша отырғызып, кейін еңбегіміздің нәтижесін бақылап жүрдік. Ағаштардың жерсініп, өсіп келе жатқанын көру өте қуанышты.

Алматыдағы Іле-Алатауы ұлттық паркінде 2000 метр биіктікте «Halyk Орманы» жобасы аясында Тянь-Шань шыршаларын отырғызу. Halyk Орманы, Halyk қоры, Алматы, Іле-Алатауы, Тянь-Шань шыршасы, ағаш отырғызу, орманды қалпына келтіру, экология, еріктілер, табиғатты қорғау

- Қазақстанда осындай жобалардың жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымын. Еліміздің өркендеп, аспанымыздың ашық болғанын, экологиялық акциялардың көбейіп, қайырымдылықтың қоғамда жоғары бағаланғанын қалаймын. Тимур Құлыбаев сияқты қайырымдылық жасаушылар мен ел болашағына өз қаражатын жұмсайтын басқа да меценаттардың көп болғаны өте маңызды. Өйткені ең бастысы - келер ұрпаққа қандай мұра қалдыратынымыз. Экологиялық тәрбиені мектеп қабырғасынан бастау керек деп есептеймін. Балаларымыз жақсы істерден үлгі алып, өздері де осындай игі бастамаларға қатысуы тиіс.

Бөлісу:

Comments

No comments yet. Be the first to comment!

Пікір қалдыру