Shanger.kz
Қоғам,  Өмір

Қазақстанның қайырымдылық жобасы арқылы елдер достығы

Shanger.kz

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

БҰҰ бекіткен және жыл сайын 30 шілдеде атап өтілетін Халықаралық достық күніне орай біз Қазақстанда пайда болып, 14 елдің жанашыр жандарын біріктірген «28 ілмек» клубы қайырымдылық жобасы туралы материал жариялап отырмыз.

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

Барлығы бір материалдан басталды. 2012 жылы VoxPopuli фотожурналисі Қарлығаш Нұржанова редакцияның тапсырмасымен дене салмағы өте төмен нәрестелерді бағып-күтіп, өмірін сақтап қалуға күш салған неонатолог дәрігер Бектұрған Қариннің жұмысы туралы материал түсіру үшін Астанаға аттанды. Түсірілім нәтижесінде жарияланған «Қазақстанның граммдық азаматы» репортажы қалың оқырманға шала туған балалардың мәселелерін таныстырып, фотожурналисті еріктілер қозғалысын құруға шабыттандырды.

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

- Материалды түсіру кезінде кувездің ішінде көк шұлықты көрдім, - дейді Қарлығаш. - Сонда дәрігерлер жүннен тоқылған шұлықтар сәбилерге қосымша жылу беретінін және баланың аман қалуына әсер ететін шешуші факторлардың бірі екенін айтты. Салмағы аз балаларда теріасты май қабаты болмайды, сондықтан олар қатты тоңады.

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

Қарлығаш Нұржанова (сол жақта) Астана клубының қатысушыларымен бірге Шала туған балалардың халықаралық күнін мерекелеу кезінде, 2018 жыл.

- Дәрігерлер шұлық тоқуға арналған жіпті өз ақшасына сатып алып, кейін бөлімшелер үшін тоқитын әжелерге береді. Сол кезде менің ойыма дәрігерлер адам өмірін құтқарумен айналысуы керек, ал шұлықтарды еріктілер тоқып бере алады деген ой келді. Осы идеямен Алматыға оралып, басшылыққа айтып бердім. Олар мені қолдады. Менің міндетім оқырманның жүрегіне жетіп, оларды үн қосуға итермелейтін материал дайындау болды.

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

- Алматыда екі кездесу ұйымдастырылды. Біз 45 жұп кішкентай шұлық тоқып, оларды Астанаға апарып бердім.

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

Дәрігерлер мұндай сыйлыққа қатты қуанды.

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

- Бір жылдан кейін Астанаға көшіп келдім. Мұнда бұрынғы тәжірибеме сүйене отырып, жүннен жиынтықтар тоқуды қайта қолға алуды, бірақ бұл жолы жұмысты басқаша ұйымдастыруды шештім. Мен демеушілік көмектен толықтай бас тарттым, енді әр қатысушы жіп пен бізін өзі алып келуге тиіс болды. Балалар күн сайын дүниеге келеді, сондықтан кездесулер де тұрақты түрде өтуі керек. Менің үндеуіме көп адам жауап беріп, алдымен елордада ай сайын кездесуді бастадық. Біртіндеп Қазақстанның басқа қалалары, кейін өзге елдер де қосыла бастады.

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

- Клубтың атауы кездейсоқ таңдалған жоқ: салмағы бір килограмнан аспайтын нәрестеге шұлық тоқу үшін бізге тура 28 ілмек теру керек.

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

- Қазақстанның әр өңірінен және басқа елдерден әйелдер маған хабарласып, қозғалысқа қосылғысы келетінін айтты. Алғашқы кезеңдерде мен оларға кеңес беріп, клуб жұмысының қағидаларын түсіндіріп, олардың қалаларындағы дәрігерлермен келіссөз жүргіздім. Кейін үйлестірушілер «феялардың» кездесулерін өздері ұйымдастырып, тоқылған жиынтықтарды перинаталдық орталықтарға тапсыра бастады.

Анықтама: Penal Reform International (PRI) халықаралық ұйымының / «Халықаралық түрме реформасы» ұйымының шақыруымен «28 ілмек» клубы 2014 жылдан бастап «Қазақстандағы әйелдер мен балаларға арналған түзеу мекемелеріндегі медициналық және әлеуметтік қызметтерді күшейту» жобасына қатысты. Жоба аясында Атырау қаласындағы УГ-157/11 әйелдер колониясында клуб ашылды. Жобаның идеясы сотталған әйелдерді қайта әлеуметтендіруге және медициналық әрі әлеуметтік қызметтерді күшейтуге бағытталды. Жобаға қатысу заң бұзған әйелдерге өздерін қоғамға, балалары мен отбасыларына қажет адам ретінде сезінуге мүмкіндік берді. Жоба жетекшісі - Азамат Шамбилов, үйлестірушісі - Жанна Назарова. Жоба 3,5 жылға созылды. Осы уақыт ішінде колониядағы әйелдер 7000-нан астам бұйым тоқыды. Жиынтықтар Астана, Шымкент, Атырау, Орал, Көкшетау қалаларындағы перинаталдық орталықтарға, сондай-ақ Пәкістанның Мұлтан қаласындағы Women’s Christian Hospital ауруханасына тапсырылды. Бірнеше жиынтық кішкентай Софияға арналып АҚШ-қа жіберілді. Колония еріктілері онкология бөліміндегі балаларға және «АНА ҮЙІ» жобасының балаларына арналған бұйымдар да тоқыды. Сонымен қатар олар қазақстандық чемпиондар Геннадий Головкин мен Илья Ильиннің құрметіне атаулы жиынтықтар әзірледі.

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

- Бұл - толығымен азаматтық бастама. «Феялардың» тұрақты кездесулерінің арқасында клуб өсіп, оған жаңа адамдар қосылып келеді. Уақыт өте келе клуб қатысушылары бір отбасыдай болып кетеді: туған күндерді бірге атап өтеді, табиғат аясына шығады және күнделікті істерде бір-біріне көмектеседі. Олар мұнда тек тоқу үшін ғана келмейді, пікірлес адамдарын, қолдау мен жанға медет болатын ортаны да табады.

Анықтама: Италияда шала туған балаларға көмек көрсететін Cuore di Maglia италиялық қауымдастығы 2021 жылы «28 ілмек» клубымен ынтымақтастық ұйымдастырды. Жоба аясында италиялық және қазақстандық еріктілер тәжірибе алмасып, жаңа туған нәрестелерге арналған жиынтықтарды бірлесіп әзірледі. Жоба Италия мен Қазақстандағы жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және қарқынды емдеу бөлімдерін біріктірді. Оның ұраны «Екі жүрек - бір мақсат» болды.

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

- Біздің еріктілер балаларға көмектесіп қана қоймайды, өздері де өседі. Үйлестірушілер мен феялар ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытып, теледидар мен форумдарда сөз сөйлейді. Клубтың арқасында еріктілеріміздің өмірін өзгерткен оқиғалар да бар: біреу мамандығын ауыстыруға, кітап жазуға, жаңа қайырымдылық жобасын ашуға немесе аурудан кейін қайта қалпына келуге шешім қабылдайды.

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

Бүгінде «28 ілмек» клубы қайырымдылық қозғалысы Қазақстанның шегінен әлдеқашан шығып, әлемнің 14 еліндегі еріктілерді біріктіріп отыр. Клуб филиалдары Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Латвия, Беларусь, Украина, Грузия, Әзербайжан, Эстония, Молдова, Германия және басқа елдерде жұмыс істейді. Қозғалыстың негізін қалаушы Қарлығаш Нұржанованың айтуынша, мұндай кең география клубтың бір ғана кеңсеге байланбауы, демеушілік қаржыландыруға және мемлекеттік құрылымдарға тәуелді болмауының арқасында мүмкін болды. Қозғалыс тек еріктілердің бастамасы, жауапкершілігі мен ортақ іске деген адалдығының арқасында өмір сүріп келеді.

Ал үлкен халықаралық отбасының бір бөлігі болудың нені білдіретінін клуб жұмыс істейтін елдердің үйлестірушілері өздері айтып бергені дұрыс.

Қазақстан

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

«Қазақстан» жиынтығы, авторы - Айгөлек Жанай.

- Мен сол алғашқы материалды оқып, тіпті пікір де қалдырдым, - деп еске алады Алматыдағы клубтың үйлестірушісі Ғазиза Ұзақ. - Сол кезде патология бөлімінде менің жиенім жатқан еді. Ол «Қазақстанның 711 грамдық азаматы» болатын, сондықтан материал авторына іштей алғыс айттым. Кейін дәл сол автордың арқасында уақыт өте келе халықаралық жобаға айналған «28 ілмек» клубы құрылды.

Маған тоқуды анам мен әжем үйретті, енді сүйікті ісімнің арқасында балаларға көмектесе аламын.

Анықтама: 2017 жылы Қазақстандағы «28 ілмек» клубы «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Алтын жүрек» ұлттық сыйлығына ие болды.

- Үлкен ұлым мерзімінен бұрын дүниеге келді, сондықтан балаға жылы киім қажет болғанда оның қаншалықты маңызды екенін жақсы білемін, - дейді Шымкенттегі клубтың үйлестірушісі Юлия Шаркова. - Клубтың арқасында шала туған балалардың мәселелері туралы көбірек біліп, түрлі адамдармен және олардың оқиғаларымен таныстым.

- «28 ілмек» клубының қызметі туралы алғаш рет бала күтімі демалысында жүргенде білдім, - дейді Қарағандыдағы клубтың үйлестірушісі Ксения. - Маған клубтағы достық атмосфера қатты ұнайды. Мұнда бәрі бір-бірін қолдайды, біз шынымен де үлкен отбасыға айналдық. Кувездегі қорғансыз сәбилер мен олардың аналарын көргенде, оларды жылытып, қолдау көрсеткің келеді.

Өзбекстан

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

«Өзбекстан» жиынтығы, авторы - Екатерина Степанова.

- Барлығы 2017 жылы басталды, - дейді Өзбекстандағы клубтың үйлестірушісі Елена Семерджиди. - Әлеуметтік желілерден қазақстандық фотожурналистің Қазақстанның бірнеше қаласында жұмыс істеп тұрған еріктілер қозғалысын құрғанын білдім. Қатысушылар салмағы аз балаларға арнап киім тоқып, кездесулер ұйымдастыратын. Мұның бәрі мені Өзбекстанда клуб ашуға шабыттандырды.

Осы жылдардың ішінде біз бір-бірімізбен қатты жақындасып кеттік, жинала алмай қалсақ, бір-бірімізді сағынамыз. Өзбекстандағы «28 ілмек» клубына үнемі жаңа қатысушылар қосылып отырады. Біздің еріктілер тек Ташкентте ғана емес, елдің басқа қалаларында да тұрады.

Украина

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

«Украина» жиынтығы, авторы - Манар Асанова.

- Клубтың жұмыс істеп келе жатқанына сегіз жылдан асты, - дейді Днепрдегі клубтың үйлестірушісі Марина Богомаз. - Ештеңеге қарамастан, біз тоқуды жалғастырып келеміз, ал мен дайын бұйымдарды тұрақты түрде ауруханаларға апарып тұрамын. Қазір шамамен 15 «фея» үнемі тоқиды. Филиалдың өзі Днепрде орналасқанымен, дайын бұйымдарды Украинаның басқа қалаларындағы ауруханаларға да жеткіземін. Біздің «феяларымыз» да әртүрлі елді мекендерде тұрып, тоқылған бұйымдарын маған жібереді, сондықтан іс жүзінде біз қалалар арасындағы клубпыз. Соғыс кезінде кейбір қатысушылар Польшаға көшіп кетті, бірақ олар сол жақтан да тоқуды жалғастырып, бұйымдарды Украинаға жіберудің амалын табады. Олар - таңғажайып қыздар!

Жобаның арқасында керемет әйелдермен танысып, әлемде жақсы адамдардың көп екеніне бұрынғыдан да қатты сендім, өйткені бізге дәл сондай адамдар келеді. Олардың әрқайсысына тәнтімін: соғыс пен ауыр жағдайға қарамастан, олар балаларға тоқып, өзгелерге көмектесуді жалғастырып келеді.

Латвия

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

«Латвия» жиынтығы, авторы - Джан Панаева.

- Барлығы Қарлығаштың дене салмағы өте төмен болып туған сәбилер және тоқылған бұйымдардың оларды бағып-күтуге қалай көмектесетіні туралы бейнеролигін көргенімнен басталды, - дейді Ригадағы клубтың үйлестірушісі Елена Чернова. - Тоқу - менің басты әуестігім. Қолымнан біз түспейді деуге болады, сондықтан менің де балаларға көмектескім келді. Ол кезде Латвияда тоқылған бұйымдарды тапсыратын ұйым болған жоқ, сол себепті маған еліміздегі клубтың үйлестірушісі болуды ұсынды.

Беларусь

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

«Беларусь» жиынтығы, авторы - Ирина Мошкова.

- Солигорск филиалының тарихы «Пехорка» жібінен басталды, - дейді Солигорскідегі клубтың үйлестірушісі Екатерина Бунас. - Ол кезде мен дәл осы жіпті сатумен айналысатынмын. Оны алуға тұрақты сатып алушым келіп, өзі қатысып жүрген халықаралық еріктілер қозғалысы туралы айтып берді. Барлығы осылай басталды. 2026 жылдың сәуірінде филиалымыздың ашылғанына төрт жыл толды.

Instagram желісінде біздің жиынтықтарды алған адамдардың пікірлерін жиі жариялаймыз. Ерікті кері байланыс алған кезде не сезінетінін сөзбен жеткізу өте қиын. Ал адамдар жіпті өздері әкеліп, бізге алғыс айтқанда, эмоцияны ұстап тұру тіпті мүмкін емес.

Эстония

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

«Эстония» жиынтығы, авторы - Айгүл Оразбекова.

- Эстониядағы клуб өте жылдам құрылды, - дейді Эстониядағы клубтың үйлестірушісі Ольга Дударева. - Латвияның үйлестірушісі Елена Чернова клуб филиалын ашуды ұсынды. Мен бірден Қарлығашпен байланыстым, ол маған бәрін үйретті. Клуб жұмысында маған ең ұнайтыны - біз, «феялар», біртұтас қауымға айналдық және арамызда кездейсоқ адамдар жоқ.

Әзербайжан

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

«Әзербайжан» жиынтығы, авторы - Айнура Смағұлова.

- Маған ең ұнайтыны - біздің қызметіміздің балалармен тікелей байланысты болуы, - дейді Бакудегі клубтың үйлестірушісі Фарида Мамедова. - Бұл мен үшін өте сезімтал тақырып, оның үстіне мұндай кішкентай бұйымдарды қарапайым дүкендерден сатып алу мүмкін емес. Оларға жұмсалатын шығындар перзентханалар мен перинаталдық орталықтардың бюджетінде қарастырылмаған. Біздің филиалымыз шағын емес, онда шамамен 35 адам бар. Айналамызда қаншама жанашыр адамның бар екенін, олардың бізді қолдап, кейде бізге өзімізден де қатты сенетінін сезіну ерекше қуантады. Дәрігерлердің өздері көмек сұрап хабарласып, қоңырау шалып, жиынтықтар әкелуімізді өтінеді.

Қырғызстан

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

«Қырғызстан» жиынтығы, авторы - Гүлнара Дәутбаева.

- Филиал құру идеясын Қазақстаннан бұрын Алматы клубының еріктісі болған Бермет Тоқтоғұлова алып келді, - дейді Бішкектегі клубтың үйлестірушісі Мейірім Асылбекова. - Мен өзім де шала туған баланың анасымын, сондықтан ата-аналар мен дәрігерлердің қандай қиындықтарға тап болатынын өз тәжірибемнен білемін. Өкінішке қарай, менің балам дүниеге келген кезде мұндай еріктілік қолдау әлі болған жоқ. Ол болғанда, барлық сынақтан өту маған жеңілірек болар еді деп ойлаймын.

Клуб қызметінің арқасында біз дәрігерлермен, халықаралық ұйымдардың өкілдерімен, журналистермен және қозғалысымызды қолдағысы келетін жанашыр адамдармен танысамыз.

Ресей

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

«Ресей» жиынтығы, авторы - Сауле Бутабаева.

- Қозғалысқа алғашқылардың бірі болып Саратов, Мәскеу, Владивосток және Түмен қосылды, - дейді Владивостоктағы клубтың үйлестірушісі Ксения. - Біртіндеп клубтар басқа қалаларда да ашыла бастады. Төрт жылдың ішінде Ресейде «28 ілмек» клубының шамамен 98 филиалы ашылып, қозғалыс дамуын жалғастырды. Біздің еріктілер клуб кездесулері мен тоқу марафондарын асыға күтеді. Көпшілігінің шығармашылық әлеуеті ашылды.

- Жоба туралы білген бойда дәл осы жерде пайдалы болғым келетінін түсіндім, - дейді Мәскеудегі клубтың үйлестірушісі Анастасия Перевощикова. - Әдетте қайырымдылық көмек қаражат жинаумен байланыстырылады, алайда ақшаның адресатқа жететініне әрдайым сенімді бола алмайсың. Ал мұнда бұйымдарды өз қолыңмен жасап, олардың кімге тапсырылатынын нақты білесің. Клуб маған пікірлес адамдармен танысу мүмкіндігін ғана емес, орасан зор тәжірибе, бір ортақ іске біріктірілген жүздеген, мыңдаған адам оқиғалары мен тағдырларын да сыйлады.

Грузия

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

«Грузия» жиынтығы, авторы - Ләйлә Смағұлова.

- Мен ұлымның өмірі үшін күрестің ауыр жолынан өттім және осындай сәтте жалғыз қалмаудың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін, - дейді Грузиядағы клубтың үйлестірушісі Виктория Раковская. - Ең қуаныштысы - аналардың жүннен тоқылған киім киген, қолына ойыншық ұстаған сәбилеріне қарап жымиғанын көру. Құрметті ата-аналар, ешқашан үміттеріңізді үзбеңіздер және кішкентай болғанымен, өте мықты сәбилерге сеніңіздер.

Молдова

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

«Молдова» жиынтығы, авторы - Алия Омарова.

- Клуб менің екінші отбасыма айналды, қазір онсыз өмірімді елестете алмаймын, - дейді Молдовадағы клубтың үйлестірушісі Лучия Гнесюк. - Негізгі қиындық - кездесулерді ұйымдастыру, әзірге бәріміздің бірге жиналуымыз сирек. Тағы бір мәселе - жіптің жетіспеуі, өйткені «феялардың» бәрі оны өз ақшасына сатып ала алмайды.

Германия

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

«Германия» жиынтығы, авторы - Орынгүл Цой.

- Шынымды айтсам, кімге көмектесетініміз біз үшін маңызды емес, ең бастысы - біздің қолдауымыздың қажет болуы, - дейді Германиядағы клубтың үйлестірушісі Екатерина Сумина. - Клубта біз тоқимыз, әңгімелесеміз, қиялдаймыз және еңбегіміздің шынымен қажет екенін біле отырып, армандаймыз. Біз балаға ғана емес, оның анасына да қолдау көрсетеміз, өйткені ананың эмоционалдық жағдайы да өте маңызды.

Клуб адамдарды біріктіреді, бізде де дәл солай болды. Біздің еріктілер бүкіл ел аумағында тұрады: Ольденбургтен Аугсбургке дейін, Эссеннен Дрезденге дейін. Арамызды 600–700 шақырым қашықтық бөліп жатыр. Әрине, кездесіп, достасып, жүзбе-жүз араласқымыз келеді, бірақ әзірге мұндай мүмкіндік жоқ.

Тәжікстан

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

«Тәжікстан» жиынтығы, авторы - Динара Қожабекова.

- Мен мерзімінен бұрын дүниеге келген қыздың анасымын, сондықтан шала туған сәбилерге көмек көрсету тақырыбы маған өте жақын, - дейді Тәжікстандағы клубтың үйлестірушісі Нигина Ализода. - «28 ілмек» клубы туралы білген соң, оның негізін қалаушы Қарлығашпен байланысып, Тәжікстанда филиал ашуға шешім қабылдадым. Бұл идеяның айналасына әртүрлі жастағы және әртүрлі мамандық иесі әйелдер бірікті, бірақ бәрімізді сәбилерді құтқаруда дәрігерлерге қолдау көрсету ниеті біріктіреді. Әр бұйымды ол сәбиді жылытып, күш жинауына көмектеседі деген үмітпен тоқимыз. Біз көмекті тек Душанбедегі перзентханаларға ғана емес, елдің басқа өңірлеріне де жеткізуге тырысамыз.

Армения

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

«Армения» жиынтығы, авторы - Эльмира Құрманбаева.

Халықаралық қозғалысқа екі жыл бұрын қосылған он төртінші ел Армения болды. Филиалды Ростов-на-Дону қаласының тұрғыны Надежда Великанова ашты, ол Ереванда «феялар» табудан үмітін үзбей жүр.

- Армения филиалының қызметі әлі күнге дейін Ростов-на-Дону қаласынан, Дондағы Жаңа Нахичевань армян қауымының базасында үйлестіріледі, - дейді Еревандағы клубтың үйлестірушісі Надежда Великанова. - Биыл филиалымыздың ашылғанына екі жыл толды. Біз тоқыған бұйымдардың барлығын Еревандағы Маргарян атындағы перзентханаға тапсырамыз. Клубымыздың ең үлкен қатысушысы Елизавета Иоганесовна Мурадян 90 жаста. Ең жас «фея» Маргарита Гаспарян 14 жаста. Ол клуб үшін тоқуды 12 жасында бастаған.

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

«Моңғолия» жиынтығы, авторы - Романи Тахмина.

Әлемде жыл сайын 15 миллионнан астам бала мерзімінен бұрын дүниеге келеді. «28 ілмек» клубының еріктілері перинаталдық орталықтарға жылы жиынтықтар тапсырып, сәбилердің отбасыларына қолдау көрсету арқылы оларды бағып-күтуге қажетті жағдай жасау жұмысын жалғастырып келеді.

«28 ілмек» клубының еріктілері тоқыған киім киген шала туған сәби перинаталдық орталықтағы кувезде жатыр. «28 ілмек» клубы, шала туған сәбилер, еріктілер, қайырымдылық, Қазақстан, халықаралық волонтерлік қозғалыс, перинаталдық орталық, тоқыма бұйымдары, Халықаралық достық күні

- Бізді біледі және жұмысымыз үшін алғыс айтады. Біз ешқашан адамдарды қатарымызға қосылуға арнайы шақырмаймыз, олар бізге өз бастамасымен келеді. Бұл тіпті жақсы, өйткені адам клубқа шын жүректен көмектескісі келіп қосылады. Дәл осындай адам өз өңірінде мықты әрі тұрақты филиал құра алады, - деп қорытындылады «28 ілмек» клубы жобасының негізін қалаушы Қарлығаш Нұржанова.

Елдерге арналған жиынтықтарды Астана қаласындағы «28 ілмек» клубының еріктілері 2023 жылы Шала туған балалардың халықаралық күніне орай тоқыған.
Материалда Тұрар Қазанғапов пен Роман Вайдовтың фотосуреттері, сондай-ақ «28 ілмек» клубының мұрағатындағы суреттер пайдаланылды.



Бөлісу:

Comments

Ажар
8/8/2026

Большое спасибо автору за такую замечательную статью и всем, кто вяжет, координирует и передает комплекты для 28 петель! Большое вдохновение читать и учиться доброте у таких неравнодушных людей.

Анар
7/31/2026

В самое сердце❤️. Одно доброе дело объединяет многие страны. В каждой петельке любовь и забота к малышу, для которого мы вяжем изделия. #Живи малыш, будь смелым и отважным!!! Тысячи женщин всего мира, объеденившись, желают тебе мира и добра❤️. г.Экибастуз.

Светлана
7/31/2026

Волонтёр клуба 28 петель Экибастуз. 7 лет в клубе.

Пікір қалдыру