Shanger.kz
Қоғам

Оны қалай өлтіргенін елестетсем, «Мама…» деген дауыс шығады

Shanger.kz

Цивилизациялы елдерде армиядағы әрбір бейбіт жағдайдағы өлім қылмыстық іс ретінде тергеледі: командирлер жеке жауап береді, прокуратура тәуелсіз жұмыс істейді, ал парламенттік комиссиялар әрбір оқиғаны ашық зерттейді. Ал Қазақстанда үш жылда болған 270 өлім жоғары деңгейде бірде-бір отставкаға да, бірде-бір нақты реформаға да әкелген жоқ. Солдаттардың өлімін «суицид», «менингит», «кездейсоқ жағдай» деп жылы жауып қою қалыпты нәрсеге айналды. Сонда мәселе неде? Қазақ солдатының өмірінің құны нөлге тең бе? Оның үстіне, қаза тапқандардың ешқайсысы әлсіз болмаған — әрқайсысы ерік-жігері мықты, болашақта армияның мақтанына айналар жігіттер еді. Біз балалары бейбіт уақытта мүгедек болып оралған немесе цинк табытпен жеткізілген ата-аналармен кездесіп, сөйлестік.


«Менің ұлым екі рет өзін-өзі атып өлтіре алмайды»
Матери погибших и пострадавших солдат Казахстана на митингах и встречах требуют правды, расследования пыток, дедовщины и реформы армии — фоторепортаж о насилии, нарушениях, военной службе и борьбе за справедливость

— 2023 жылдың 9 қазанында мен ұлымнан айырылдым, — дейді қаза тапқан әскери қызметші Қайсар Сұлтановтың анасы Сәуле Тлеубергенова. Қайсар Қазақстанның Ұлттық ұланында қызмет етті, жоғары білімді, тәрбиелі, ұқыпты, тәртіпті жігіт болатын. Маған оның өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлады. Ресми нұсқа — суицид, Қылмыстық кодекстің 105-бабы. Бірақ мен өз ұлымның денесін көрдім. Оның жарақаттарын көрдім. Мен тергеуге мүлде сенбеймін. Иек тұсына екі рет оқ атылған, қолында, аяғында және көздің сол жақ маңайында сабақтаған іздер болған. Бірінші оқ тілін, таңдайын, маңдай сүйегін және бассүйек күмбезін тесіп өткен — бұл өлімге әкелетін жара, осындай жарақаттан кейін адамның екінші әрекет жасауға физикалық мүмкіндігі болмайды. Бірақ ресми құжаттарға сәйкес, алты минуттан кейін екінші оқ атылған. Мен өз қаражатыммен жеке сараптама жасаттым. Сараптама күдігімді растады: бірінші оқ — өлімге әкелген, ал екінші оқ Қайсар қайтыс болғаннан кейін атылған. Бұл суицид емес. Бұл — кісі өлтіру.

Матери погибших и пострадавших солдат Казахстана на митингах и встречах требуют правды, расследования пыток, дедовщины и реформы армии — фоторепортаж о насилии, нарушениях, военной службе и борьбе за справедливость

— Менің ұлымның денесін қарауылда да, қоймада да емес, Ұлттық ұлан департаментінің әкімшілік ғимаратынан тапты. Бұл — басшылық кабинеттері орналасқан жер, әскери құрылымның жүрегі, ең қауіпсіз болуға тиіс орын. Бірақ Қайсарды дәл сол жерде өлтірді. Сол күнге қатысты барлық бейнежазбалар жойылған. Жеке сараптама қатқыл дискілердің әдейі форматталғанын, жазбалардың қасақана өшірілгенін дәлелдеді.

Мен өзім дәлелдерді үзік-үзік жинап, прокуратураның, президент әкімшілігінің, депутаттардың табалдырығын тоздырдым. Қылмыстық іс үш рет жабылды. Тек үшінші рет, мен жинаған барлық материалды Бас прокуратураға тапсырғаннан кейін ғана іс қайта ашылды. Бұл екі ай бұрын болды. Тергеу формалды түрде жалғасып жатыр, бірақ мен бір нәрсені талап етемін — істі «суицидтен» «кісі өлтіруге» қайта саралау. Менің күдігім — ұлым бөлімшеде қару ұрлығына куә болып қалған, ал оны тыныштандыру үшін өлтірген.

Оқиғадан бір күн бұрын, қайтыс болардың алдында, мен Қайсарды увольнение-ге алып шықтым. Таңертең алып кетіп, күні бойы қасында болдым, кешкі бестер жарымда өз қолыммен қайтадан бөлімге апарып тапсырдым. Ал 9 қазанға қараған түні маған қоңырау шалып, ұлымның жоқ екенін айтты. Өз-өзін екі рет атып өлтірді-мыс. Мен бұған сенбеймін. Ол бір нәрсенің дұрыс емес екенін сезіп жүрген. Үлкен мүмкіншілік — қару-жарақ ұрлығы болды, ал олар Қайсар маған бірдеңе айтып қояды деп қорықты. Сол күні нарядқа шығуы тиіс үшінші взвод болатын, ал менің ұлым бірінші взводда еді, сондықтан ол нарядқа тұрмауы керек болатын.

Мен бөлімшенің қару-жарақ қоймасына түгендеу жүргізуді сұрадым, тіпті комиссия құрамына өзімді қосуға дайын болдым. Бірақ маған «мемлекеттік құпия» және «қарсы барлау бақылауы» деген сылтаумен бас тартты.

Матери погибших и пострадавших солдат Казахстана на митингах и встречах требуют правды, расследования пыток, дедовщины и реформы армии — фоторепортаж о насилии, нарушениях, военной службе и борьбе за справедливость

— Мен сияқты аналар Қазақстанның түкпір-түкпірінде ондаған, тіпті жүздеген. Біздің ұлдарымызды өлтірді, мүгедек қылды, зорлады, суицидке дейін жеткізді, ал ресми тергеу істерді шексіз «суицид», «менингит» деген формулировкалармен жауып отырды. Үш жылдан астам уақыт бойы кейбіріміз инстанция жағалап, өтініш жазып, дәлелдер жинап келеміз — бәрі нәтижесіз. 2024 жылдың 10 қарашасында біз Астанаға жиналдық, алдын ала жазбаша өтініш беріп, Бас прокурормен және Президент Әкімшілігі басшысымен кездесуді сұрадық. Біздің өтінішіміз келісілген еді. Бірақ барған кезде бізді бірінші басшылар емес, тек олардың орынбасарлары ғана қарсы алды — осы жылдар бойы нәтижесіз кездесіп келген сол адамдар.

Бізде қазақша «Мен ұлымды әскерде өлсін деп туған жоқпын» және «Армия реформасын талап етеміз» деген жазуы бар ақ орамалдар мен алжапқыштар болды. Біз Қазақстан армиясын реформалауды, әділ тергеуді, кінәлілерді жазалауды талап еттік. Ешқандай саяси ұран болған жоқ, билікті құлатуға шақыру да болған жоқ — тек жанымыздағы ауыр мұң, заңды, әділдікті және шындықты талап ету ғана болды.

Матери погибших и пострадавших солдат Казахстана на митингах и встречах требуют правды, расследования пыток, дедовщины и реформы армии — фоторепортаж о насилии, нарушениях, военной службе и борьбе за справедливость

Гүлмира Мұқажанова 10 қарашадан кейін денесіндегі көгерген жерлерді көрсетіп отыр.

— Түскі төрттер шамасында басшылықпен кездесу болмайтыны белгілі болды да, біз тарай бастадық. Қоғамдық көлік аялдамасына қарай беттедік. Журналистер кетіп қалған, ал біз жылы аялдама-боксқа кіріп, көлігімізді күттік. Бір минут өтпей жатып, аялдамаға бір машина келіп тоқтады да, одан бетперде киген, қара киімді, қолдарында дубинкасы бар адамдар секіріп түсті. Олар аялдама-бокске террористерге тап болғандай лап қойды, ал олардың алдында тұрғандар қарт әйелдер еді. Гүлмираны бетінен ұрып, терісін жарып жіберген, тепкілеген. Менің қолымды бұрап, әлі күнге дейін көтере алмайтындай етіп зақымдады. Арамызда 73 жастағы әже болды, оны да аямай ұрып, сүйреп кетті. Оны автозакқа лақтырғаннан кейін жағдайы күрт нашарлап, полиция бөлімінде жедел жәрдем шақыруға тура келді. Мұның бәрі медициналық құжаттармен расталған.

Матери погибших и пострадавших солдат Казахстана на митингах и встречах требуют правды, расследования пыток, дедовщины и реформы армии — фоторепортаж о насилии, нарушениях, военной службе и борьбе за справедливость

Гүлмира Мұқажанованың медициналық анықтамасында оның денесіндегі гематомалар тіркелген және былай деп жазылған: «Министрліктер үйі аялдамасында милиция (ОМОН) қызметкерлері ұрып-соққан».

— РОВД-да бізді төрт сағаттан аса ұстады. Әрқайсымызды бөлек кабинеттерге отырғызды, әрқайсымызды жеке тергеуші сұрақтың астына алды. Мен түсініктеме беруден бас тарттым және не үшін айыпталып отырғанымды түсінбедім. Күні бойы қолымнан тастамаған Кайсардың портреті сынған. Олар бізге шок терапиясын жасадық, қорқыттық, енді тоқтайды деп ойлайды. Бірақ олар қателеседі. Неге біз үнсіз отыруымыз керек? Мен не үшін ұлымды туғанмын, өсірдім, тәрбиеледім, оған жоғары білім бердім? Оны біреулердің мразь сияқты өлтіруі үшін бе?

Матери погибших и пострадавших солдат Казахстана на митингах и встречах требуют правды, расследования пыток, дедовщины и реформы армии — фоторепортаж о насилии, нарушениях, военной службе и борьбе за справедливость

«Біліп қойыңыз, мен оның өлтірілген сәтін көз алдыма елестеткенде, оның “Анашым…” деген дауысын естимін».

— Бұның қандай ауыр екенін сіздер елестете де алмайсыздар, – дейді Сауле. – Ішім күйреп, жанып, өртеніп кететіндей болады. Жағдайымды сіздерге жеткізе алмаймын. Әр жолы сол дауыс, әр жолы оның үнін естимін… Бұдан кейін қалай өмір сүруге болады? Түнде ұйықтай алмаймын. Ұлымның мені шақырған дауысын естимін. Оның қалай өлтірілгенін, қалай көмектесіңдер деп жан дауысы шыққанын, өліп бара жатқанын түсінгенін елестетемін. Ешкім келмеді. Ешкім құтқармады. Ал кейін оның өз өліміне өзі кінәлі қылды. Жақында түсіме кірді, өз өлімі үшін өзі кек қайтаратынын айтты.

«Анашым, айтыңызшы оларға, келіп мені соңына дейін атып тастасын. Мен бұлай өмір сүре алмаймын».
Матери погибших и пострадавших солдат Казахстана на митингах и встречах требуют правды, расследования пыток, дедовщины и реформы армии — фоторепортаж о насилии, нарушениях, военной службе и борьбе за справедливость

– Менің ұлым Улан 2003 жылы дүниеге келді, – дейді кадет колледжінің бұрынғы курсанты Улан Мусаевтың анасы Гульмира Мукажанова. Ол 11 сыныпты бітіріп, IT-университетке ақылы бөлімге түсті. Мен ковид кезінде «қызыл аймақта» медбике болып жұмыс істедім, жалақым жақсы болды және ұлыма «Ақша туралы ойлама, оқу ақысының төрт жылын да бірден төлеймін» дедім. Бірақ университеттегі оқу Уланды қуантпады. Мектепте жүрген кезінен оның арманы – әскери қызмет еді, ол ІІМ академиясына түскісі келді, бірақ тестілеуден балл жетпей қалды. Ол үнемі өз арманына қайта оралып «Мама, мен әскери болғым келеді, айтишник емес» дейтін. Мен оны райынан қайтаруға тырыстым: «Балам, әскери қызмет – бұл жарғы, өте ерте тұру, кеш жату. IT-мамандығы қазір керек, сұраныс жоғары, сабырмен оқып бітіру керек» дедім. Бірақ бірінші оқу жылының соңына қарай Улан бәрібір өзінің қалауына қайта оралды.

Матери погибших и пострадавших солдат Казахстана на митингах и встречах требуют правды, расследования пыток, дедовщины и реформы армии — фоторепортаж о насилии, нарушениях, военной службе и борьбе за справедливость

– Өзі Шучинскідегі кадет колледжіне құжат жинай бастады, медкомиссиядан, психологиялық тесттерден өтті. 2021 жылдың 29 тамызында мен ұлымды колледж қақпасынан шығарып салдым, мені ішке кіргізбеді. Бірінші жыл сабағын тыныш оқыды, ештеңеге шағымданбады. 19 қыркүйекте ант қабылдау болды, бізге баланы екі күнге берді. Желтоқсанның соңында ол демалысқа үйге әскер билетімен келді. Ол мақтанып, билетті көрсетіп, «Мама, мен енді әскери адаммын» дейтін. Біз де бірге қуанып жүрдік. Бірақ кейін біздің өмірімізді мәңгілікке өзгерткен оқиғалар басталды.

2022 жылдың 29 маусымында кешке Улан телефон соғып: «Мама, мен жүгіруден зачет тапсырмадым. Үш шақырым жүгірдім, бірақ нормативке сыймадым, 11–16 секунд жетпей қалды. Мені қайта тапсыруға жібермеді» деді. Бұл мені бірден алаңдатты. Рота командиріне де, взвод командиріне де қоңырау шалдым, бірақ ешкім трубканы көтермеді. 1 шілдеде Улан қайта хабарласып, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі нормативті орындамағандарды жинап алып, «Кім физнормативті тапсыра алмаса, он мың теңгеден беріңдер, мен зачет қойып, үйлеріңе жіберемін» дегенін айтты. Ондай балалар төртеу болған, олардың ішінде Улан да бар. Ол «Мама, он мың теңге жібере аласың ба? Егер төлесек, ол зачет қояды да, мені үйге жібереді…» деп өтінді.

Матери погибших и пострадавших солдат Казахстана на митингах и встречах требуют правды, расследования пыток, дедовщины и реформы армии — фоторепортаж о насилии, нарушениях, военной службе и борьбе за справедливость

– Үйге Улан тым-тырыс, тұйық болып қайтты. Мен оның уайымдап жүргенін, нормативке сыймай қалғаны үшін өзін кінәлі сезінетінін көрдім, бірақ ол қысым немесе қорқыту туралы бір сөз айтпады. 2022 жылдың 29 шілдесінде мен ұлымды қайтадан колледжге шығарып салдым, ал 31 шілде таңертең колледж басшысы телефон шалып: «Сіздің ұлыңыз реанимацияда жатыр, жағдайы ауыр, дереу келіңіз» деді…. Біз келгенде, оны нарядта тұрған мұнараға алып келді, мен жерде қан көлкігенін көрдім. Құжаттарға сәйкес, Улан әскери постта Калашников автоматымен тұрып, өзін басынан атқан-мыс. Оқ оң жақтан кіріп, сол жақтан шыққан. Медициналық қорытындыда кірген және шыққан тесіктер бір-біріне тым жақын, арасы шамамен бір сантиметр деп жазылған. Тергеу 105-бап бойынша, «суицидке жеткізу» дерегімен қылмыстық іс қозғады.

«Егер ол өзін атса, бас сүйегі быт-шыт болар еді»

- Кейін мен түрлі мамандармен — дәрігерлермен, баллисттермен, криминалистермен сөйлестім, – дейді Гүлмира. – Барлығы бір-ақ нәрсе айтты: «Егер ол өзін дәл сондай қашықтықтан атқан болса, бас сүйек жер-жерге шашылар еді. Бұл оқ, ең ықтимал, басқа позициядан, белгілі бір қашықтықтан атылған. Курсантың қолы автоматты дәл сондай бұрышпен ұстап, өзін солай ату үшін физикалық тұрғыда бұлай иіле алмайды». Бірақ ресми баллистикалық сараптама «оқ жақын қашықтықтан атылған» деп жазды. Сонымен қатар автоматтың өзінен Уланның саусақ іздері табылмаған. Дактилоскопиялық сараптама қорытындысында тура былай делінген: «Мусаев Уланның саусақ іздері анықталмады. Қару Мусаев Уланға тиесілі болуы мүмкін». Яғни олар іздердің жоқ екенін өздері мойындайды, бірақ бәрібір қаруды «оның болуы мүмкін» деп тіркейді. Барлық сараптамалар — баллистика, дактилоскопия, сот-медицина — дәлелдерге емес, болжамдарға сүйенген.

Матери погибших и пострадавших солдат Казахстана на митингах и встречах требуют правды, расследования пыток, дедовщины и реформы армии — фоторепортаж о насилии, нарушениях, военной службе и борьбе за справедливость

– Бақылау-өткізу пунктінің жанында бейнебақылау камералары орнатылған, және солардан кім кіргенін, кім шыққанын, мұнарада не болғанын анық көруге болатын еді. Бірақ іс материалдарында «Бейнежазбаны зерттеу барысында жазбаның зақымданғаны, қалпына келмейтіні анықталды» деп жазылған. Мен деректерді қалпына келтіру мамандарымен кеңестім, олар мұндай жазбаларды сақтауға, басқа тасымалдағышқа көшіруге, бүлінген файлдарды қалпына келтіретін арнайы бағдарламалар бар екенін түсіндірді. Егер менің ұлым өлгісі келсе, ол оны үйде де жасай алар еді, постта емес, камералардың астында емес, әскери формада, жолдастарының көз алдында емес. Оның жоспарлары, армандары болды, жоғары әскери білім алып, бөлімдерді басқарғысы, әскери бөлімдерді бақылап, тәртіпті қадағалағысы келді. Оның мақсаты — Отанға қызмет ету еді. Ол депрессияға түскен, сынған адам болған жоқ, жігерлі, өз жолын өзі таңдаған мақсаткер болатын.

Матери погибших и пострадавших солдат Казахстана на митингах и встречах требуют правды, расследования пыток, дедовщины и реформы армии — фоторепортаж о насилии, нарушениях, военной службе и борьбе за справедливость

– Улан аса ауыр бас-ми жарақатын алды. Оған трепанация жасалды, қазір оның басының екі жағында сүйек жоқ, сыртынан бірден байқалады, қозғалған кезде басы «тыныс алып тұрғандай» болып соғады. Алғашқы сегіз айда ол Астанадағы әскери госпитальдың реанимациясында жатты. Айтуым керек, әскери госпитальдың нейрохирургі менің ұлымның өмірін сақтап қалды. Азаматтық нейрохирургтер Уланды қабылдаудан бас тартып, «өлім қаупі тым жоғары, мүмкіндік аз» деді. Әскери дәрігер күн сайын өзі келіп, таңғышын ауыстырып, бақылап, оның өмірі үшін күресті. Төрт айдан кейін Улан комадан шықты. Тағы бірнеше ай өткен соң қарапайым командаларды орындап, қолын көтеріп, жан-жағына қарай бастады. Тек сегіз ай өткен соң ғана оны үйге шығарды. Қазір ол бірінші топтағы мүгедек. Өзі жүре алмайды, аяқтары әлі ұстамайды, координация бұзылған. Сөзі ішінара қалпына келді. Үш-төрт сөйлем қатар айту — оның максимум мүмкіндігі. Жадында үзік-үзік ақпарат қалған, туған-туыстарын таниды, бірақ көп нәрсені ұмытқан.

Матери погибших и пострадавших солдат Казахстана на митингах и встречах требуют правды, расследования пыток, дедовщины и реформы армии — фоторепортаж о насилии, нарушениях, военной службе и борьбе за справедливость

– Ұлымды тәулік бойы қарап-бағу үшін жұмысымнан кетуге тура келді. Қазір біз ұлым-инвалидыма күтім жасағаны үшін алатын шамамен 74 мың теңге және Уланға тиесілі 137 мың теңге жәрдемақымен, жалпы айына үш адамға 211 мың теңгедей ақшаға күнелтіп отырмыз. Пәтерақы, дәрі-дәрмек, арнайы тамақ, коммуналдық төлемдер, жол шығындары — осының бәрін қосқанда, бұл қаражатқа үшеу болып өмір сүру мүмкін емес дерлік. Акимат бізге уақытша пәтер берді, бірақ нақты мерзім көрсетілмеген. Мен «Бізді ертең далаға қуып жібермейтініне сенімді болу үшін, кем дегенде ресми түрде жалдамалы тұрғын үй беріңіздерші» деп сұрадым. Жауап — үнсіздік.

Матери погибших и пострадавших солдат Казахстана на митингах и встречах требуют правды, расследования пыток, дедовщины и реформы армии — фоторепортаж о насилии, нарушениях, военной службе и борьбе за справедливость

– Жеке бір ауыр тақырып — бұл реабилитация. Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамалары бойынша, бас-ми жарақаты алынғаннан кейін алты ай өткен соң «ескі» жарақат болып есептеледі. Ал «ескі» болса, демек, тегін мемлекеттік реабилитация қарастырылмайды. Поликлиника электрондық үкімет порталына жібереді, реабилитациялық орталықтар бірінен соң бірі «Жарақат ескі, хаттама бойынша тегін реабилитацияға жатпайды» деп жауап береді. Бірақ осындай ауыр жарақатпен бас-ми зақымдануы қашан да жарақат болып қала бермей ме? Алты ай өткен соң адам кенеттен сауығып кете ме?

Матери погибших и пострадавших солдат Казахстана на митингах и встречах требуют правды, расследования пыток, дедовщины и реформы армии — фоторепортаж о насилии, нарушениях, военной службе и борьбе за справедливость

– Сондықтан қолдан келгеннің бәрін мен кіші ұлым екеуміз өзіміз жасаймыз, – дейді Гүлмира. Жатып қалған науқастарды күту бойынша оқудан өттім, медициналық әдістемелерді оқимын, интернет арқылы дәрігерлермен кеңесемін. Уланға массаж жасаймын, емдік дене шынықтыру, аяқ-қолдың қозғалысын дамытуға арналған жаттығулар, логопедия элементтерін үй жағдайында қолданамын. Бірақ бұл жеткіліксіз.

Уланға координацияны қалпына келтіруге арналған арнайы тренажерлар, өз бетінше арналарды ауыстырып, көзін фокустауға үйренуі үшін үлкен экранды теледидар, қайтадан өздігінен қозғалысқа үйренуі үшін электрлі арба қажет – төсекке таңылып жатпай, қозғала алуы үшін. Бұлардың бәрі қымбат, ал бізде ондай ақша жоқ. Осы уақыттың бәрінде тергеу бір орнында тұрып қалған.

Матери погибших и пострадавших солдат Казахстана на митингах и встречах требуют правды, расследования пыток, дедовщины и реформы армии — фоторепортаж о насилии, нарушениях, военной службе и борьбе за справедливость

– Мен тергеушілерге шексіз қайталай беремін: «Егер бұл суицид болды деп сенсеңдер — дәлелдеңдер. Бейнежазбаны көтеріңдер, маған ұлымның саусақ іздерін қарудан көрсетіңдер, адам үшін физикалық тұрғыда мүмкін болатын оқ траекториясын көрсетіңдер». Мен Уланға сұрақ қойғанда оның қалай реакция білдіретінін, қызметтес жолдастарының аттарын қалай есіне түсіретінін, тергеуге көмектесуі мүмкін кейбір детальдарды қалай айтып беретінін видеоға түсірдім. Бірақ менің видеом іс материалдарына тіркелмеді, себебі ретінде сот шешімін алға тартты: «Сіздің ұлыңыз әрекетке қабілетсіз, оны тергеу әрекеттеріне қатыстыруға болмайды, оның айғақтары заңды күшке ие емес».

Әр жолы прокуратурадағы тергеуге немесе адвокатпен кездесуге кетерде, Улан менен сұрайды: «Мама, сен білдің бе, маған кім атқанын? Кім мені атты?» Ауырсыну күшейген кезде, бұлшықеттері қатты құрысып, қалыпты түрде дәретке бара алмай қиналғанда, қолынан ешнәрсе келмейтін дәрменсіз сәттерінде ол: «Мама, айтшы оларға, келіп мені соңына дейін атып кетсін. Мен бұлай өмір сүре алмаймын…» дейді.

Біздің жағдайдан кейін, 2023 жылдың ақпанында дәл сол мұнарада тағы бір курсант қаза тапты, бірақ бұл жолы — бірден. Тек содан кейін ғана басшылық курсанттарға оқ-дәрілі қарумен нарядқа шығуды алып тастады.


«Амир менингиттен өлген жоқ — оны өлтірді»
Матери погибших и пострадавших солдат Казахстана на митингах и встречах требуют правды, расследования пыток, дедовщины и реформы армии — фоторепортаж о насилии, нарушениях, военной службе и борьбе за справедливость

– 18 жастағы ұлымды үш ай бойы ұрып-соғып, сындырып, өлімге дейін жеткізіп, бәрін медициналық қағаздардағы бір-ақ сөзбен — менингит деп жасырып қойды, – дейді қаза тапқан мерзімді сарбаз Амир Байтурғановтың әкесі Мурат Байтурғанов. Амир Жаркенттегі 74261 әскери бөлімінде қызмет еткен. Ресми құжаттарда ол 2023 жылдың 21 желтоқсанында таңғы 4-те менингиттен қайтыс болды деп жазылған. Шын мәнінде бәрі мүлдем басқаша болған. 20 желтоқсан күні түсте оны дерлік 40 градус қызбамен және бүйір тұсындағы қатты ауырсынуға шағымданып, полигоннан санчастьқа алып келген. Түстен түн жарымға дейін оны сол жерде ұстап, госпитализация жасамаған, әскери госпитальға да, тіпті қаладағы қарапайым ауруханаға да апармаған, ал аурухана жақын жерде, бірнеше минуттық жерде тұрған. Санчасть дәрігері «таблеткамен» шектеліп, жай ғана бақылаған. Тек түнгі он екіде Амирдің жағдайы өте ауырлаған кезде оны ақыры қалалық ауруханаға алып кеткен. Ол ауруханаға өз аяғымен кірген. Дәрігерлер оған қатарынан бес укол салған, содан кейін анафилактикалық шок дамып, комаға түсіп, жарты сағаттан кейін қайтыс болған. Бірақ ресми құжаттарда «қажетті нұсқаға сай болу үшін» өлім уақыты 4 деп өзгертілген.

Ұлым қайтқалы екі жылда мен екі тәуелсіз медициналық сараптама жасаттым, екеуі де бір нәтижені көрсетті — Амирде ешқандай менингит болмаған. Оған екі жақты пиелонефрит, екі бүйректің ауыр қабынуы, бүйрек үсті бездерінің асқынуы, бүйректің жедел зақымдануы диагнозы қойылған. Мұның бәрі үш айлық қызмет кезінде жүйелі түрде жүргізілген физикалық күш көрсетудің және медициналық көмектің толық көрсетілмеуінің салдарынан болуы мүмкін. Сол үш айда бөлімде ұлымды сындырған. Кейін куәлік берген қызметтестері айтып бергендей, екі контрактник — шамамен отыздардағы ер адамдар — Амирді және басқа да жаңадан келгендерді жүйелі түрде ұрып тұрған. «Техникалық» әдіспен ұрған — жұдырықтарына суға малынған сүлгі орап, соққы қатты болсын, бірақ көгерген із қалмасын деген. Түнде офицерлер үйлеріне кеткен соң балаларды тұрғызып, дәлізге тізіп қойып, таңғы беске дейін «смирно» тұрғызып, плацқа шығарып, әбден титықтағанша жаттығулар жасатып, моральдық және ауызша қорлаған.

Матери погибших и пострадавших солдат Казахстана на митингах и встречах требуют правды, расследования пыток, дедовщины и реформы армии — фоторепортаж о насилии, нарушениях, военной службе и борьбе за справедливость

– Өлімінен бір ай бұрын Амир бүйрегі ауыратынын жиі айтып, шағымдана бастаған. Ол санитарлық бөлімге бірнеше рет барған, бірақ оны, қызметтестері айтқандай, «қуып жіберген». Себебі жоғары басшылық – Оңтүстік өңір әскерлерінің бас қолбасшысы келіп жатқан, сондықтан барлық «емделмей жүрген» сарбаздарды басшылыққа бәрі жақсы көрінсін деп шұғыл түрде полигонға қайта жіберген.

Ұлым қайтыс болардан бірнеше сағат бұрын, 20 желтоқсан кешінде, оның және тағы бірнеше жігіттің сержанттар бөлмесіне кіргізілгенін қызметтестері айтты. Сержанттар оларды таңғы бес-алтыға дейін ұстап, ұрып-соғып, айқайлап, тапжылмай тұруға және есінен танғанша отырып-тұруға мәжбүрлеген.

– Одан кейін ұлымның «екінші өлімі» басталды — қағаз жүзіндегі, заңдық, – деп жалғастырады Мурат. – Жарақаттарды жасыру үшін, медициналық көмектің көрсетілмеуін, дәрігерлер мен командирлердің салғырттығын жабу үшін тергеу «менингитті» ойлап тапты. Менің ақшама жасалған екі тәуелсіз сараптама да менингококк инфекциясын растамайды. Қанда да, жұлын сұйықтығында да менингит қоздырғышын көрсететін бірде-бір талдау жоқ. Бірақ мемлекеттік сарапшылар өз диагноздары – «менингиттен» – өлердей жабысып отыр. Әрбір мемлекеттік сараптама тағайындалған сайын нәтиже бір – менингит. Ал мен басқа қаладағы жеке клиникада өз ақшама сараптама жасатқан сайын нәтиже өзгеріссіз – менингит жоқ.

Матери погибших и пострадавших солдат Казахстана на митингах и встречах требуют правды, расследования пыток, дедовщины и реформы армии — фоторепортаж о насилии, нарушениях, военной службе и борьбе за справедливость

– Бөлімшенің дәлізінде бейнебақылау камерасы тұрған, ол Амирді және басқа да жаңадан келген сарбаздарды түнде казарма сыртқа қалай қуып шығатынын, дәлізге қалай тізіп қойып ұрғанын, сержанттардың олардың бөлмесіне қалай кіргенін анық көрсетер еді. Тергеушімен бейнежазбаны көтеру қажеттілігі туралы сөз қозғаған бойда, келесі күні бізге: «Камерадағы бейнежазба бүлінген, қалпына келтіру мүмкін емес» деді.

Үш ай қызмет кезінде Амир менен бір рет те «өзі үшін» ақша сұраған емес — телефонға, тамаққа, жеке қажеттіліктерге. Ол әр қоңырау шалған сайын жанында сержанттар тұрған. Әр жолы әртүрлі нөмірден, бірақ үнемі олардың көзінше қоңырау шалып: «Әке, бөлмеге теледидар керек, тазалау шүберектері, швабра, жуатын құралдар, төсек-орын керек» дейтін. Үш айда мен бөлімшеге «бөлім қажеттіліктеріне» деп шамамен 90 мың теңге аудардым. Бұл да — бопсалаудың бір түрі, бірақ ата-аналар балаларын одан әрі ұрып-соқпасын деп мәжбүрлі түрде төлейді. Қорғаныс министрімен мен жеке кездестім, ол кезде Жақсылықов осы қызметте отырған. Министр мәселені мойындайды, көңіл айтады, тергеуді қолға алады деп күттім. Оның орнына: «Сіздің балаңыз армияға дейін ауырған, инфекцияны өзі алып келген. Армияның қатысы жоқ» деген жауап естідім.

Амир әскерге шақырылар алдында толық медициналық тексеруден өтті, бүйрек немесе басқа созылмалы инфекциялар анықталған жоқ. Бәрі дәл бөлімшеде, үш ай қызмет барысында болды.

Тергеу екі жылдан бері жүріп жатыр, бірақ мен тоқтамаймын, қанша жыл қажет болса да, шындыққа жетемін. Ұлымның аты жаладан арылсын, құжаттарда «менингит» емес, «жүйелі соққыға жығу, медициналық көмектің көрсетілмеуі және командирлердің салғырттығы салдарынан болған өлім» деп жазылсын. Кінәлілер түрмеде отыруы керек, жаңа сарбаздарды басқарып, ұрып-соғуын жалғастырмауы тиіс. Ешбір әке, ешбір ана «Сіздің ұлыңыз қайтыс болды. Сүйекті алып кетіңіз» деген қоңырау алмауы керек. Менің ұлым мықты еді, ешқашан шағымданбады, армияда оны жүйелі түрде ұрып-соғып жатқанын ойыма да алған жоқпын. Бәрі қызғаныштан болды — себебі ұлым бөлімшенің лидері болып, жарыстарда жеңіп жүрді.

Матери погибших и пострадавших солдат Казахстана на митингах и встречах требуют правды, расследования пыток, дедовщины и реформы армии — фоторепортаж о насилии, нарушениях, военной службе и борьбе за справедливость

Сауле, Гүлмира және Мұрат отбасыларының трагедиялары — кездейсоқ жағдай емес. Бұл — үндемеу, қорқу және жазасыздық мәдениетіне терең тамыр жайған жүйелік проблема. Неге Қазақстан әскерінде зорлық-зомбылық әлі күнге дейін өршіп тұр? Неге мықты, болашағы бар жігіттер жәбірлеудің құрбанына айналады? Ең бастысы — аман қалған, бірақ үйіне сынып қайтқан жігіттердің тағдыры не болады? Біз бұл сұрақтарға жауап алу үшін Қазақстан EMDR-терапевттер қауымдастығының мүшесі, армиядағы зорлықтан зардап шеккендермен көп жыл жұмыс істеп келе жатқан психотерапевт Алтыншаш Матаеваға жүгіндік. Ол бұл жүйенің ішкі жарасын жақсы біледі — оған сенім телефонына қоңырау шалуға батылы жеткен жігіттердің әңгімелері арқылы жеткен.

«Армиядағы қорлаулар — бұл елдің болашағын жою»
Матери погибших и пострадавших солдат Казахстана на митингах и встречах требуют правды, расследования пыток, дедовщины и реформы армии — фоторепортаж о насилии, нарушениях, военной службе и борьбе за справедливость

Алтыншаш Матаеваның жеке архивінен.
– 111 психологиялық сенім желісінде жұмыс істеп жүргенде, маған әскери қызметтегілер қоңырау шалатын, – дейді Алтыншаш. Олар моральдық тұрғыдан толық күйреген, қорыққан жас жігіттер еді. Біреуі маған күн сайын арақ ішіп, мас болып құлап қалмайынша ұйықтай алмайтынын айтты, оны үрей, қайталанатын түстер, қорқыныш пен елестер қудалайтын. Тағы екеуі күнделікті соққы, қорлау, мазақ туралы егжей-тегжейлі баяндады. Оларды адам ретінде ғана емес, олардың аналарын, әпкелерін, қыздарын қорлап, ең қасиетті, ең нәзік жерге тиетін сөздермен намысына тиетін. Алғашында олар жауап беруге тырысқан, сөзбен қарсы тұрған, бірақ күнделікті қорлық пен ауырсынудан кейін барған сайын көп үнсіз қалатын.

Бұдан да сұмдық оқиғалар болды. Бір жас жігіт маған екі аға шендегі контрактник оны кезекпен жүйелі түрде зорлағанын айтты. Қызметінің алғашқы айында-ақ олар оны өз көзінше басқа сондай жаңадан келген сарбаздың жыныс мүшесін соруға мәжбүрлеген, ал олар қарап тұрып «тұруын» күткен. Бұл – таза садистік қорлау, адамды затқа айналдыру, «сен ешкім емессің» дегенді көрсету. Басқа бір ер адам, кейін жеке тәжірибемде жұмыс істегенім, армияда өзін зорлар алдында ауырсынуды басу үшін марихуана тартуды бастағанын айтты – солай ету жеңілірек болған. Кейін ол есірткіге тәуелді болып, ауыр синтетикалық заттарға дейін барған.

Мұндай жарақаттар посттравматикалық стресс бұзылысына, депрессияға, үрейлі бұзылыстарға әкеледі, – дейді Алтыншаш. Үйге олар мүлдем басқа адам болып оралады. Сыртқы келбеті – сол, бірақ ішкі әлемі толық қираған. Практикамда бір жағдай болды: әйел күйеуін басқа ер адаммен төсекте байқап қояды. Бұл – үлкен шок, олар бірнеше жыл отасқан, балалары бар. Терапия барысында ер адам мұның бәрі армияда басталғанын мойындады: оны бірнеше рет зорлаған. Ер адамдармен жақындасу оған травмадан аман қалудың жолына айналған. Бұл – ориентация туралы емес, бұл – өз денесіне бақылауды қайтару, жанды құтқару әрекеті.

Сенім желісіне қоңырау шалған жігіттердің ешқайсысы кейін маған қайта хабарласпады, тірі ме, аман ба — білмеймін. Бірақ әрқайсысы соңында: «Маған жеңілдеп қалды, өйткені алғаш рет ешкім кінәламай тыңдады» дейтін.

Әскери зорлықтың себептері отбасынан және мектептен басталады. Буллинг, мазақ, «үлкенді сыйлау» культі – көбіне «ол үлкен, сондықтан қорлығына төз» дегенді білдіреді. Егер әке арақ ішіп, шешені ұрса да, оны бәрібір «құрметтеу керек» болса — балаға «зорлыққа төзу қалыпты» деген бағдарлама беріледі. Мектепте мазақ көрген, үйде зорлық көрген бала армияға келгенде психикасы мұндайды көтермейді. Армиялық жүйе табиғатынан әлсізді қабылдамайды: ол әлсізді не толықтай сындырады, не зорлық арқылы «күшті етеді», не суицидке дейін жеткізеді. Не істеу керек? Армияда командирге бағынбайтын тәуелсіз психологтар жұмыс істеуі керек. Тәуелсіз мониторинг тобы болуы тиіс: олар заң бұзушылықты тіркеп, сарбаздардың жағдайын бақылауы қажет. Жауапсыз кек алудан қорықпай аноним шағым жасау мүмкіндігі болуы тиіс.

Ата-аналарға не айтқым келеді? Ұлдарыңызға өз мәселелерін айтуға, сезімдері мен қорқыныштары туралы ашық сөйлесуге үйретіңіздер. Мінезіндегі өзгерістерге мұқият болыңыздар: тұйықталу, агрессия, немқұрайдылық — бұлардың бәрі белгі. Ең үлкен қайғы — бұл жігіттер бастан өткергенін ешкімге айта алмайды. Бұл — шыдау мүмкін емес ауыртпалық, өлімнен де ауыр ұят.

Қоғам үнсіз отырған сайын, командирлер зорлық жасағандарды жауып отырған сайын — бұл жүйе қазақстандық жігіттерді физикалық та, моральдық та сындырып, өлтіре береді. Әрбір қаза тапқан сарбаз — статистикадағы сан емес. Ол — біреудің жақсы көретін баласы, өмір сүріп, сүйіп, жұмыс істеп, елді көтере алатын жігіт. Бірақ оның орны — бейітте немесе үйінде мүгедек болып отыруда. Ал осының бәрі үшін әлі ешкім жауап берген жоқ, – деп аяқтайды Алтыншаш.


Бөлісу:

Comments

No comments yet. Be the first to comment!

Пікір қалдыру